"Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 қазандағы № 36-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы ауданы мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 46-4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 қазанда № 2790 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 ақпандағы № 39-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 13.02.2019 №39-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жуалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 қазандағы № 36-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2360 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қарашадағы №124 аудандық "Жаңа өмір" - "Новая жизнь" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша "ставкаларын", "ставкалары", "ставкаларының" деген сөздері тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық
      сессиясының төрағасы мәслихат хатшысы
      М. Айжанов Е. Тлеубеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады