Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сайлауды өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде үй-жайларды беру туралы" Қордай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 ақпандағы № 54 қаулысымен бекітілген "Сайлауды өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар" (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2544 болып тіркелген, 2015 жылдың 14 наурызында №39-40 (2177-2178) аудандық қоғамдық-саяси "Қордай шамшырағы-Кордайский маяк" газетінде жарияланған) қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қосымшаның:
19 тармағы мынадай мазмұндағы сөздермен өзгертілсін:
"Центральная көшесі, 19 мекен-жайы бойынша орналасқан Цемзауыт ауылдық мәдениет үйі".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Т. Ботабековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Досаев |
Қордай аудандық
аумақтық сайлау комисииясы
С.Ж. Тұрғынбай
"16" наурыз 2015 жыл