Бетқайнар ауылдық округінің Бетқайнар ауылының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 27 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 маусымда № 2685 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес және Қордай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 28 қарашадағы № 02/274 ұсынысы негізінде ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Ұсақ мүйізді малдарының бруцеллезден эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Бетқайнар ауылдық округі Бетқайнар ауылының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
       Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е. Омарбаевқа жүктелсін.
       Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі Е. Мақұлбаев

       "Бетқайнар ауылдық округінің Бетқайнар ауылының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы" Бетқайнар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 27 шешіміне келісім парағы.
       "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облысы Ішкі істер Департаментінің
      Қордай аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________Б. Баимұхамбетов
      2015 жыл "15" маусым
      Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің
      Қордай аудандық аумақтық инспекциясының басшысы
      ____С. Баеков
      2015 жыл "15" маусым
      "Қордай ауданы бойынша тұтынушылар
      құқығын қорғау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі басшысы
      _____М.Саулебаев
      2015 жыл "15" маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады