Масаншы ауылындағы жаңа көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Масаншы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 1 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 ақпанда № 2490 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Масаншы ауылдық округінің Масаншы ауылындағы №1 жаңа көшеге "Көктем" атауы, №3 жаңа көшеге "Ақжол" атауы, №4 жаңа көшеге "Желтоқсан" атауы, №5 жаңа көшеге "Наурыз" атауы, №6 жаңа көшеге "Жібек Жолы" атауы, №7 жаңа көшеге "Ардагерлер" атауы, №8 жаңа көшеге "Бірлік" атауы, №9 жаңа көшеге "Мереке" атауы, №11 жаңа көшеге "Шапағат" атауы, №12 жаңа көшеге "Қасқасу" атауы, №13 жаңа көшеге "Қосуақ" атауы, №14 жаңа көшеге "Суалма" атауы, №15 жаңа көшеге "Жігер" атауы, №16 жаңа көшеге "Тұлпар" атауы, №17 жаңа көшеге "Шаттық" атауы, №18 жаңа көшеге "Түркістан" атауы берілсін.
      2. Осы шешімің орындалуын бақылау Масаншы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы З.Гудожановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

Ауылдық округ әкімі

Я. Искаков

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады