Меркі ауданында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 576 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 2871 болып тіркелді № 2871

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меркі ауданында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Меркі ауданы әкімінің орынбасары Төленді Беделбайұлы Рысқұлбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 5 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі Б. Көпбосынов

  Меркі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "26" қарашадағы
№ 576 қаулысына қосымша

Меркі ауданында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері


Мектепке дейінгі ұйымдар
Мемлекеттік білім беру тапсырысы, (орын) оның ішінде қаржыландырылатын
Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын
Бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)
республикалық нысаналы трансферттер есебінен
жергілікті бюджет есебінен
республикалық нысаналы трансферттер есебінен
жергілікті бюджет есебінен
1
Мектепке дейінгі шағын орталықтар
550
 
13546
 
5000
2
Балабақшалар
1055
472
18860
25152
5000

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады