2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөолшерін бекіту туралы

Жаңа

Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 15 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 наурызда № 2564 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жапарұлы Есеевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Мәдікенов

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "3" ақпандағы
№ 15 қаулысына қосымша

2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері


Атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы ,(орын) оның ішінде қаржыландырылатын

Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын

Бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)

Республикалық нысаналы трансферттер есебінен

жергілікті бюджет есебінен

Республикалық нысаналы трансферттер есебінен (теңге)

жергілікті бюджет есебінен (теңге)

Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар
Шағын орталық
300
 
10203
7000
4200
Балабақшалар
750
500
22202
39355
4200

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады