Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) Кірістер – 5 159 665 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 093 660 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 1 700 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 4 640 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 879 665 мың теңге;
2) шығындар – 5 260 041 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 44 883 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 63 630 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –18 747 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 145 259 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 145 259 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 63 630 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 18 747 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге;
100 376.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 04.03.2016 № 45-2;16.05.2016 № 2-6; 18.07.2016 № 3-2; 31.10.2016 № 5-5; 05.12.2016 № 7-2 шешімдерімен (01.01.2016 қолданысқа енгізіледі).
2. 2016-2018 жылдарға жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық түсімдерінің бөлу нормативтері ауданның бюджетіне 30 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
3. 2016 жылы облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция мөлшері 2 648 650 мың теңге сомасында белгіленсін.
4. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес, 2016-2018 жылдары аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының мамандарына қалалық жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлық ақылары мен тарифтік ставкаларының жиырма бес процент мөлшерінде үстеме ақы төлеу үшін қаржы көзделсін.
5. 2016 жылғы аудандық жергілікті атқарушы органның резерві 22 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
6. 2016 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі № 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
7. 2016 жылға арналған кенттік, ауылдық (селолық) округтерінің бюджеттік бағдарламаларының тізімі № 5–қосымшаға сәйкес бекітілсін.
8. 2016 жылға арналған жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер тізімі № 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың аумақтың экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар, өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту, аумақтық құрылыс, жер учаскесін сатып алу туралы жобаларын қарау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
10. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.
Мойынқұм аудандық | Мойынқұм аудандық |
мәслихат сессиясының төрағасы: | мәслихат хатшысы: |
С. Әбілов | Ш. Исабеков |
Мойынқұм аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 41-4 шешіміне № 1-қосымша |
Мойынқұм ауданының 2016 жылға арналған бюджеті
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 05.12.2016 № 7-2 шешімімен (01.01.2016 қолданысқа енгізіледі).Мойынқұм аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 41-4 шешіміне № 2-қосымша |
Мойынқұм ауданының 2017 жылға арналған бюджеті
Мойынқұм аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 41-4 шешіміне № 3-қосымша |
Мойынқұм ауданының 2018 жылға арналған бюджеті
Мойынқұм аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 41-4 шешіміне № 4-қосымша |
2016 жылға арналған жергілікті бюджеттердің орындалу процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Атауы |
Білім беру |
Жалпы білім беру |
Мойынқұм аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 41-4 шешіміне № 5-қосымша |
2016 жылға арналған кенттік, ауылдық (селолық) округтарының бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 05.12.2016 № 7-2 шешімімен (01.01.2016 қолданысқа енгізіледі).мың теңге
№ р/с | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратының атауы | Бағдарламаның атауы | |||||
001 "Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" | 009 "Елді мекен дердің санитариясы" | 011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 040 "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыру | 022Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 008 Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | ||
1 | "Ұланбел ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 15583 | 336 | 1054 | |||
2 | "Қарабөгет ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 18840 | 150 | 975 | |||
3 | "Қылышбай ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 11897 | 250 | 717 | 200 | ||
4 | "Мойынқұм ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 24091 | 295 | 14654 | 25349 | 800 | |
5 | "Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 13505 | 134 | 926 | 1025 | ||
6 | "Қызылтал ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 14162 | 320 | 1076 | |||
7 | "Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 19702 | 150 | 2155 | 2870 | ||
8 | "Кеңес ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 16548 | 150 | 1765 | 1640 | ||
9 | "Биназар ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 13989 | 150 | 800 | 1128 | ||
10 | "Хантау ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 18155 | 320 | 717 | 150 | ||
11 | "Мирный ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 17361 | 150 | 4286 | 631 | 259 | |
12 | "Ақсүйек ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 15798 | 150 | 3265 | 820 | 1000 | |
13 | "Шығанақ ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 17984 | 270 | 645 | 2460 | 150 | |
14 | "Мыңарал ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 14735 | 270 | 1436 | 250 | ||
15 | "Ақбақай ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 11476 | 1025 | 190 | 150 | ||
16 | "Қызылотау ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 12394 | 320 | 461 | |||
| Барлығы: | 256220 | 3415 | 28496 | 43384 | 1449 | 1700 |
Мойынқұм аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 41-4 шешіміне № 6-қосымша |