Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы әкімдігінің 13.03.2018 № 10/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнүсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 29 қыркүйектегі " Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына және "Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 01/04 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Қоса берілген "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
3. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің |
"Қарағанды облысының ветеринария басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) өз құзыретінің шегінде Қарағанды облысының ветеринария саласындағы жүзеге асырылатын және бақылау-қадағалау функцияларын, ветеринарлық-санитарлық бақылауға және қадағалауға жататын азық-түлік тағамдарының қауіпсіздігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, 100008, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Лобода көшесі, 20 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение "Управление ветеринарии Карагандинской области".
10. Осы Ереже "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер, "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары құқықтары мен міндеттері
13. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы аймақта жануарлардың аса қауіпті ауруларынан эпизоотиялық тұрақтылықты және тамақ қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында ветеринария саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады.
14. Міндеттері:
халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру.
15. Функциялары:
ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін дайындау;
облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер дайындау;
осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер дайындау;
ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау;
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім дайындау;
уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын дайындау;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және оларды тасымалдау (жеткізу);
ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізуді ұйымдастыру;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асару;
эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асару;
эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнаманың сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асару;
мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
денсаулық сақтау саласының уәкілетті мемлекеттік органымен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамаларымен анықталған басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
өз функцияларын орындау мақсатында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұрауға және алуға;
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау;
ветеринариялық құжаттар беруге;
қолданыстағы заңнамамен берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен ұсынылған басқа да құқықтарды пайдаланады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінде басшылықты, "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар, нұсқаулар шығарады және құрылымдық бөлімдерімен орындалуға міндетті нұсқаулар береді, келісім-шарттарды жасайды;
2) құрылымдық бөлімдер туралы Ережені бекітеді;
3) құрылымдық бөлімдердің міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды;
4) жұмыскерлерді жұмысқа алу және жұмыстан шығару жайлы сұрақтарын шешеді, олардың міндеттерін бекітеді;
5) заңмен белгіленген тәртіппен қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
6) қолданыстағы заңдарға сәйкес барлық ұйымдарда және органдарда мемлекеттік органның өкілі болып табылады;
7) өз құзіретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарының орындалуын қаматамасыз етеді және осы үшін жеке жауапкершілікті тартады;
8) құжаттардың орындалу барысын ұйымдастырады және бақылау жасайды;
9) қолданыстағы зандарға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкiлеттiгiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
"Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бекiтiлген мүлкі коммуналдық меншiкке жатады.
24. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру мен тарату
25. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.