Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 17.07.2020 № 44/03 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі " Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы " Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 01 шілдедегі № 33/05 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2712 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 13 қарашасында, 2014 жылғы 23 тамыздағы № 159-160 (21 794) "Орталық Қазақстан", 2014 жылғы 23 тамыздағы № 147-148 (21668-21669) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
6 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) құжаттарды қабылдау Стандарттың 9 тармағына сәйкес жүзеге асырылады, он бес минуттан аспайды;";
11 тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"6) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - үш жұмыс күні.";
"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1 тармағының 2), 3) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы бойынша филиалы мен оның қалалық және аудандық бөлімдері (бұдан әрі – ХҚО);
3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).";
6 тармақтың 1), 2) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
"1) құжаттарды қабылдау Стандарттың 9 тармағына сәйкес жүзеге асырылады, он бес минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде өтінішке қарар қояды;";
6 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде бұйрыққа қол қояды;";
9 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (жауапты орындаушы) – он бес минут ішінде.";
11 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) ХҚО-ның қызметкері өтініштің дұрыс толтырылуын және көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді (5 минуттан аспайды);";
11 тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"6) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - жеті жұмыс күні.";
12 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік қызметті таңдау, электрондық сұраныстың жолақтарын толтыру және Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беру;";
12 тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"7) портал арқылы көрсетілетін қызметті алушымен көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу;";
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).";
6 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) құжаттарды қабылдау Стандарттың 9 тармағына сәйкес жүзеге асырылады, он бес минуттан аспайды;";
6 тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"7) облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі үш жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру туралы қаулы қабылдайды;";
11 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) ХҚО-ның қызметкері өтініштің дұрыс толтырылуын және көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді (бес минуттан аспайды).";
11 тармақтың 5), 6) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
"5) ХҚО-ның қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы талонда көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді (бес минуттан аспайды);
6) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап отыз жеті жұмыс күні;";
12 тармақтың 2), 3) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
"2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, электрондық сұраныстың жолақтарын толтырады және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса береді;
3) электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұранысты көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыру;";
12 тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"7) көрсетілетін қызметті алушымен көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінің мемлекеттік қызметтерді алу тарихында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу;";
"Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1 тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).";
6 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) құжаттарды қабылдау Стандарттың 9 тармағына сәйкес жүзеге асырады, он бес минуттан аспайды;";
9 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) қабылдау, тіркеу, талон беру, не берілетін құжаттар тізілімінде құжаттарды алу туралы белгі жасау (кеңсе қызметкері) – он бес минуттан аспайды;";
11 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"5) ХҚО-ның қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы талонда көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесін береді (бес минуттан аспайды);";
12 тармақтың 2), 3) тармақшаларда келесі редакцияда жазылсын:
"2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік қызметті таңдайды, электрондық сұраныстың жолақтарын толтырады және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беру;
3) электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұранысты көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыру;";
"Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде
6 тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш және құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді және күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты, нәтижені алу мерзімі мен орны көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы талонды береді, он бес минуттан аспайды;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Н. Әбдібеков |