"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Бірқатар функцияларды беру туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 13/07 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қарағанды облысының есептеу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін сұйытылған мұнай газын тұтыну нормасы бір адамға 8 килограмм көлемінде бекітілсін.
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3.
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Н. Әбдібеков |