Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 33/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 шілдеде № 3347 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 85/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 22.12.2022 № 85/02 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызыметтің жұмыс істеу қағидасы бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
17 маусымдағы 2015 жылғы
№ 33/01 қаулысымен
бекітілген

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің (бұдан әрі – Психологиялық қызмет) жұмысын реттейді.
      2. Психологиялық қызметтің жұмысы 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының, Бала құқықтары туралы конвенцияның, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының және осы Қағидалардың аясында жүзеге асырылады.
      3. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымының типі, түрі және қажеттіліктері, педагог-психологтердің штаттық бірлік санына қарай айқындалады. Педагог – психолог өз қызметінде осы Қағидаларды басшылыққа алады және өзінің кәсіби құзіреттілігі шеңберінде шешімдерді қабылдайды.
      4. Психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыруды және бақылауды білім беру ұйымның басшысы қамтамасыз етеді.
      5. Жүйелі тәсілді талап ететін әлеуметтік–психологиялық сүйемелдеу мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум ұйымдастырылады.
      6. Психологиялық қызмет жеке үй-жай берілетін, білім алушылармен, ата-аналармен, педагог қызметкерлермен топтық және жеке форматта әлеуметтік-психологиялық консультациялар, диагностика, коррекциялық-дамытушы және алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинетінің негізінде жұмыс істейді.
      7. Лауазымдық жалақы, еңбек демалысының ұзақтығы "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес белгіленеді.

2. Орта білім беру ұйымдарындағы Психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттері

      8. Психологиялық қызметтің мақсаты –білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
      9. Міндеттері:
      1) оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың рухани-адамгершілік, тұлғалық және зияткерлік дамуына жәрдемдесу, олардың өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, оң дүниетанымын және қазіргі заманғы қоғамда әлеуметтенуі үшін жағдайлар жасау;
      2) білім алушыларда бейәлеуметтік және аутодеструктивті жүріс-тұрыстық өзгерістердің алдын алу, анықтау және әлеуметтік-психологиялық коррекциялау;
      3) педагогтерге әлеуметтік–психологиялық диагностика негізінде білім алушылармен жеке жұмыс жасаудың тәсілін ұйымдастыру процесінде көмек көрсету;
      4) білім беру процесі субьектілерінің психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктерін арттыру.

3. Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары және мазмұны

      10. Психологиялық қызмет өз жұмысын келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады: ағарту–алдын алу, психодиагностикалық, консультациялық, коррекциялық-дамытушы, әлеуметтік-диспетчерлік. Барлық бағыттар бойынша жұмыс топтық және жеке форматта жүргізіледі.
      11. Басым бағыттарды таңдау, олардың сәйкестендірілуі білім беру ұйымының типі, түрі және қажеттіліктеріне қарай айқындалады.
      12. Психологиялық қызмет білім алушыларға әлеуметтік–психологиялық көмек көрсетеді, мамандандырылған көмекті басқа ұйымдардың мамандары көрсетеді.
      13. Әлеуметтік–диспетчерлік бағыт Психологиялық қызмет мамандарының кәсіби құзіреттілігі шеңберінен асатын және мамандардың (дәрігерлер, психотерапевтер, қамқорлыққа алу және қорғаншылық бөлімінің, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясының мамандары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар) қатысуын талап ететін проблемалардың шешімін қамтамасыз етеді.
      14. Педагог-психолог:
      1) жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогика, жеке тұлға психологиясы, балалар және жас ересектер психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология салаларында білімді болуы;
      2) диагностикалық, дамытушы, әлеуметтік-психологиялық, коррекциялық, консультативтік–алдын алу жұмыстарында ғылыми негізделген әдістерді қолдануы және нәтижелердің дәйектілігін, ұсынымдар мен қорытындылардың негізді болуын қамтамасыз ету;
      3) кәсіби психологиялық әдепті сақтауы және ақпаратпен қамтамасыз ету;
      4) оқытудың барлық кезеңінде білім алушылардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін диагностикалауды жүзеге асыруы;
      5) өткізілетін диагностикалық зерттеулер материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытындылар мен ұсынымды жасауы;
      6) білім алушыларға, ата-аналарға, педагогтарға психологиялық көмек және қолдау көрсетуі;
      7) күйзеліс жағдайындағы білім алушыларға және педагогтерге психологиялық көмек көрсетуді жүзеге асыруы;
      8) білім беру ұйымының ішіндегі қақтығыстық жағдайларды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру;
      9) коррекциялық–дамытушы бағдарламалар әзірлеу және білім алушылармен, ата-аналармен коррекциялық–дамытушы сабақтар жүргізуі;
      10) оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша құжаттармен, білім алушылардың, педагогтердің жеке істерімен танысуы;
      11) оқыту семинарлары, тренингтер, шеберлік сағаттары, конференциялар және басқа да іс-шараларға қатысу арқылы өзінің кәсіби құзіреттілігін және біліктілігін арттыруы;
      12) Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселелері бойынша білім беру органдарына ұсыныстар енгізуі қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады