"Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 47/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте № 3408 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 67/07 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 26.10.2017 № 67/07 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қоса беріліп отырған "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 14 тамыздағы
№ 47/02 қаулысымен
бекітілді

"Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға және стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталған стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын, тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, Қарағанды облысы әкімдігінің, әкімінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданы, Әлиханов көшесі, 13.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне, "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында, кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы: "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу жөніндегі салааралық және өңіраралық үйлестіруді, мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыруды жүзеге асыратын, тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ететін, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган.
      14. Міндеттері:
      1) салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды өңдеу:
      стратегиялық жоспарлау және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыру;
      салық, бюджет саясаттары;
      бюджеттік инвестициялық саясат;
      өңірлік даму;
      2) өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
      3) облыстық бюджеттің атқарылуы;
      4) облыстық бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есепке алуды жүргізу және бюджеттік есептілікті жасау.
      15. Функциялары:
      1) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысы туралы ақпаратты келісу, ұсыну, даму бағдарламасын іске асыру мониторингін әзірлеу, келісу;
      2) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
      3) облыстың даму Бағдарламасын, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және облыстың даму бағдарламасын іске асыру мониторингін жүзеге асыруды қалыптастыру арқылы экономика саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
      4) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара әрекеттестікте мемлекеттік салықтық-бюджеттік, инвестициялық саясатты, сонымен қатар экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу;
      5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарау;
      6) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауы мен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып, бес жылдық кезеңге арналған,облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын, үрдiстерiн, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерiн қамтыған, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзiрлеу;
      7) тиісті жергілікті бюджеттерде көзделетін қаржыландыру көлемін ескере отырып, жергілікті инвестициялық жобалар арасында нысаналы даму трансферттерін бөлу;
      8) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жоспарлы кезеңге жергілікті бюджет түсімдерін болжау;
      9) облыстық бюджет пен аудандар мен қалалардың бюджеттерінің арасындағы бюджетаралық қатынастарды реттеу;
      10) облыстық бюджет пен аудандар мен қалалардың бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілеу;
      11) Қарағанды облысының бюджеті мен даму бағдарламасын әзірлеу;
      12) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарастыру;
      13) бюджетаралық қатынастарды реттеу;
      14) облыстық мәслихаттың облыстық бюджет туралы шешімін іске асыру туралы қаулысының жобасын әзірлеу;
      15) облыстық бюджетті бекіту мен нақтылау және өзге де мәселелер бойынша Облыстық бюджет комиссиясының қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қамтамасыз ету;
      16) азаматтық бюджетті құрастыру;
      17) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарын қарау, экономикалық қорытындылар әзірлеу;
      18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен іске асырылуға жоспарланатын бюджеттік инвестициялық, бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру;
      19) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және бағалау мониторингі бойынша есептерді және заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды дайындау;
      20) алты бағыт бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін жиынтық бағалауды қалыптастыру, қорытынды әзірлеп, облыстың Өңірлік сараптама комиссиясына ұсыну;
      21) облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санына талдау жүргізу, облыс бюджеті бойынша еңбекке төлем жүргізу қоры және штат саны жөніндегі жұмысты үйлестіру;
      22) Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
      23) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарда ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
      24) облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      25) бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
      26) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасау;
      27) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, төлемдер бойынша түсімдердің және қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау, бекіту және жүргізу;
      28) бюджет қаражаттары есебінен берілген бюджет кредиттерін тіркеуді жүзеге асыру, оларды есепке алу және мониторингілеу;
      29) бюджеттік түсімдер мен шығыстарды атқарудың болжамдарын құру, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдерді уақытынан тыс жүргізу, уақытынан тыс міндеттерді қабылдау себептерін анықтау мақсатында бюджеттің атқарылуының көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, қадағалау және талдау арқылы бюджеттік есептілік негізінде бюджеттік мониторингті енгізу;
      30) бюджет ақшасын басқару үшін облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен аудандар (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері жұмысын жыл сайынғы бағалауды жүзеге асыру;
      31) Бюджет ақшасын атқару қолма-қол ақшасын бақылау шотында профициті болжанған жағдайда уақытша бос бюджет ақшасын ұтымды пайдалану және бюджетке кіріс алу мақсатында облыстық бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасы айқындайды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастырылады.
      32) облыстық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізу;
      33) облыстық мәслихатының кезектi қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешіміне сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің борышын өтеуді және қызмет көрсетудi қамтамасыз ету;
      34) бюджеттi атқару жөнiндегi бюджеттік есепке алуды және есептілікті жүргізуді қамтамасыз ету;
      35) Қазақстан Республикасы Үкiметiмен белгіленген тәртіпте облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу туралы қолдаухатты қарастыру;
      36) бюджеттік ақшаны басқару бойынша облыстық бюджеттен және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу;
      37) тиісті бюджеттік комиссияның республикалық бюджет туралы заңға немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұру;
      38) тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асыру;
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) облыс әкіміне, әкімдігіне өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
      2) облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша өз құзыреті шегінде ақпараттық-аналитикалық материалдарды мемлекеттік органдарға ұсыну;
      3) өз құзыреті шегінде облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
      4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрау және алу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      2) заңнамаға сәйкес мемлекеттік орган қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
      3) Мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер шараларын қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапкершілікте болады;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлеріне тәртіптік жаза белгілейді;
      5) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;
      6) Мемлекеттік орган атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді;
      7) облыс әкімінің тапсырмаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады