Өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 51/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қазанда № 3447 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 20/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 02.04.2019 № 20/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1726 "Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі жоғары кезеңде (жыл сайын 10 сәуірден 31 қазанға дейін) ормандарда жеке тұлғалардың болуына тыйым салынсын және орманды пайдалану құқығы шектелсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыс әкімі

Н. Әбдібеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады