"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 487-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38 бабының 5) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. Қарағанды облыстық мәслихатының 2005 жылғы 2 желтоқсандағы XVII сессиясының "Қарағанды облысы су ресурстарының жер үсті көздерін пайдалану үшін төлемақы ставкалары туралы" № 231 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1806 болып тіркелген, 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 251-252 (19920) "Орталық Қазақстан" және 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 151 (20234) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған), күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.В. Борисенко) және облыс әкімінің орынбасарына (Ш.Қ. Мамалинов) жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Оспанова |
Облыстық мәслихат хатшысы | Н. Дулатбеков |
Қарағанды облыстық мәслихатының XL сессиясының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 458 шешімімен бекітілген |