Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 11.12.2015 N 458 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 454 бабы 1 тармағына, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38 бабы 5 тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТТI :
1. Қоса тіркеліп отырған Қарағанды облысы су ресурстарының жер үсті көздерін пайдалану үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер, экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Усатов Н.Е.) және облыс әкімінің орынбасарына (Ж.С. Таласпеков) жүктелсін.
Сессия төрағасы,
облыстық Мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы
Қарағанды облыстық Мәслихаттың
2005 жылғы 02 желтоқсандағы
XVII сессиясының N 231
шешімімен бекітілді
Қарағанды облысы су ресурстарының жер үсті көздерін пайдалану үшін төлемақы ставкалары
N р/с |
Бассейн, өзен, көлдер атауы |
Арнайы су пайдалану түрі |
||
Тұрғын үй- пайдалану, коммуналдық қызметі, жылу-энергетика (қайтарымды су пайдалану), тиын/куб.м |
Өнеркәсіп, жылу энергетика қоса (қайтарымсыз су пайдалану), құрылыс, көлік (су көлігінен басқа), тиын/куб.м |
Ауыл шаруашылығы, тиын/куб.м |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Балқаш көлі бассейні |
3,45 |
9,49 |
2,73 |
2. |
Есіл өзенінің бассейні |
3,6 |
10,07 |
2,88 |
3. |
Нұра, Сарысу, Кеңгір және тағы басқа өзендердің бассейндері |
4,03 |
11,51 |
3,31 |
(таблицаның жалғасы)
Арнайы су пайдалану түрі |
|||
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын шаруашылығы тоған, тиын/куб.м |
Балық шаруашылығы су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар, тиын/тонна |
Гидроэнергетика тиын/квт.сағ. |
Су көлігі тиын/мың.км |
6 |
7 |
8 |
9 |
2,59 |
67,74 |
1,01 |
0,29 |
2,88 |
72,35 |
1,01 |
0,29 |
3,16 |
81,69 |
- |
- |