Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының Тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 37/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 тамызда № 3369 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 03 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 48 бабына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының Тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулыны Қарағанды облысының әділет Департаментінде тіркеу "Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Б.М. Досымбеков) жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қала әкімі

Н. Әубәкіров



Қарағанды қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілде
№ 37/01 қаулысымен бекітілді

Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру тегін немесе жеңілдік шарттармен дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін пайдаланатын азаматтар санаттарының Тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері

р/с

 

Азаматтар санаты
 

Жеңілдіктер санаты
 

1.
 

7 жасқа дейінгі балалар
 

Тегін
 

2.
 

Көп балалы отбасыларынан оқушы-балалар
 

Тегін
 

3.
 

Балалар үйлерінен оқушы-балалар
 

Тегін
 

4.
 

Спорт ардагерлері
 

Тегін
 

5.
 

Оқушылар
 

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
 

6.
 

Студенттер
 

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
 

7.
 

Зейнеткерлер
 

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
 

      Ескертпе: осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт нысандарына қолданылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады