Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 07/15 "Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 42/20 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 қазанда № 3426 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 01/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 11.01.2017 № 01/02 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, "Бірқатар функцияларды беру туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 24/05 қаулысын орындау мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 07/15 "Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3016 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 19 наурыздағы № 43-44 "Орталық Қазақстан", № 33-34 "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) Көрсетілген қаулымен бекітілген "Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 8 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Прогресс көшесі, 23 үй.";
      2) Ереженің 15 тармағы келесі мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "28-1) ашық және жабық аумақтарда кеміргіштерді жою жөніндегі дизенсекциялық және дератизациялық жұмыстарды, таяз су айдындарында және ашық аумақтарда шыбын-шіркейді жою жұмысын жүргізуді ұйымдастыру;".
      2. "Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 38/03 қаулысы жойылсын.
      3. "Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Р.Т. Мүкееваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қарағанды қаласының әкімі
Н. Әубәкіров

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады