"2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 12/03 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 46/10 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қазанда № 3470 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 12/03 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3120 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
      "3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қала әкімі

Н. Әубәкіров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады