Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 13/29 "Жезқазған қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары А.Ә. Мұхамбединге жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | Б. Ахметов |
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 05/08 қаулысымен бекітілген |
"Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіне сәйкес ветеринария саласында басшылықты, сондай ақ ветеринария саласында бақылау-қадағалау функцияларын, ветеринарлық бақылауға жататын азық-түлік тағамдарының қауіпсіздігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаныңдағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 100600, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аймақта жануарлардың аса қауіпті ауруларынан эпизоотиялық тұрақтылықты және тамақ қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында ветеринария саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады.14. Міндеттері:
тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асыру.
15. Функциялары:
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді;
"Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне жататын сұрақтар бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларына сәйкес тәртіп пен мерзімде арыз берушіге қабылданған шешім бойынша хабарлау.
16. Құқықтары мен міндеттері:
"Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақпараттар сұрастыру және алу;
аймақтық әлеуметтiк-экономикалық саясат негiзгi бағыттары бойынша ұсынысты қала әкімдігінің қарауына ұсыну;
өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және ұсыну;
ветеринария мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарды уақытында ақпараттандыру;
Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтау;
жүктелген қызметтерді, басшылықтың нұсқаулары мен тапсырмаларын уақытында және сапалы орындау;
мемлекеттік мүлікті сақталуын қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жезқазған қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
"Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
заңдарға сәйкес "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
заңдарда белгіленген тәртіппен "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;
қала әкімдігімен бекітілген штат санының лимиті аясында "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;
қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан әрекет етеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншігіне жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.