Жезқазған қаласында азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 3578 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты өз әрекетін тоқтатты

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жезқазған қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2016 жылдың қаңтар-наурызында Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ жасы үлкен, бұрын тіркеуден өтпеген Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын тіркеуді ұйымдастыру.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Н.С. Орынбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі Б. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарағанды облысы Жезқазған
      қаласының қорғаныс істері жөніндегі
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Қ. Әбілханов
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады