РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарын, Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1/28 "Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1/29 "Теміртау қаласының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысы негізінде, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сергей Николаевич Тымченкоға жүктелсін.
3. Осы қаулы оны ресми алғаш жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Сұлтанов |
| Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 7/5 қаулысымен бекітілді |
"Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Теміртау қаласының және Ақтау кенті аумағында ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
3. "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тілде аты жазылған мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылық органдарында шоттары бар мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
4. "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзыреті мәселелері бойынша "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де актілермен ресімделген шешімдерді қабылдайды.
7. "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 6 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Теміртау қаласының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Темиртау".
10. Осы ереже "Теміртау қаласының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Теміртау қаласының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Теміртау қаласының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында "Теміртау қаласының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.
Егер "Теміртау қаласының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен түскен кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Теміртау қаласының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің миссиясы аймақта жануарлардың аса қауіпті ауруларынан эпизоотиялық тұрақтылықты және тамақ қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында ветеринария саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады.14. Міндеттері:
1) халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
2) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру.
15. Функциялары:
1) ветеринария саласындығы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) облыстың жергілікті өкілді органында бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
3) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
4) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
5) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
6) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
7) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
9) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
10) жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша Теміртау қаласы және Ақтау кенті аумағында карантин немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер әзірлеу;
11) жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер әзірлеу;
12) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін әзірлеу;
13) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
14) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
15) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
16) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
17) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
18) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
19) Теміртау қаласы және Ақтау кенті аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
20) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
22) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
23) ветеринариялық есеп және есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
24) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
25) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
26) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
27) облыстың жергілікті атқарушы органына Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
28) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
29) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
30) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз функцияларын орындау мақсатында ветеринария саласындағы өкілетті органнан және басқа ұйымдардан қажетті құжаттарды сұрауға және алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен анықталған өзге де құзыреттерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерін орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Теміртау қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің ережесі және құрылымы, сонымен қатар ондағы өзгерістерді дайындайды және қала әкімдігіне бекітуге ұсынады;
2) мемлекеттік мекемені жалпы оперативтік басқаруды жүзеге асырады, мемлекеттік мекеме қызметін ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қызметін қамтамасыз етеді, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды, мемлекеттік мекеме мамандарының және басқа да қызметкерлердің жұмыстарын ұйымдастырады және бақылауды қамтамасыз етеді;
3) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарымен келісілгеннен кейін құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, құрылымдық бөлімшелері басшыларының, мемлекеттік мекеме мамандарының және басқа да қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
4) қала әкімі және әкімдік құзыреті шегінде нормативтік және өзге де құқықтық актілердің жобаларын, басқа қызметтік құжаттарды дайындауға қатысады және қала әкімі және әкімдікпен бекітуге ұсынады;
5) өз құзыреті шегінде сенімхатсыз мемлекеттік мекеменің атынан жұмыс жасайды және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас барысында өз құзіреті шегінде оның мүддесінен шығады;
6) мемлекеттік мекеменің қызметі бойынша қала әкімі аппаратымен, қалалық мәслихатпен, Ақтау кенті әкімінің аппаратымен, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдармен, Қарағанды облысы әкімдігімен, оның құрылымдық бөлімшелерімен, қала аумағында өз қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарда аумақтық бөлімшелерімен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;
7) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды, барлық мамандарға міндетті бұйрық шығарады, тапсырмалар береді;
8) атқарушылық және еңбек тәртіптің сақталуын, кадрлық жұмыстың жүзеге асырылуын және құжатайналымның ұйымдастырылуын бақылайды;
9) жеке мәселелері бойынша азаматтардың және қызметкерлердің жеке қабылауын өткізеді;
10) оған заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге фунцияларды жүзеге асырады.
"Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы жоқ болған кезде, оның өкілеттілігін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамамен қарастырылған жағдайларда оперативтік басқару құқығында өз мүлкі болуы мүмкін."Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сонымен қатар өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер (ақшалай кірістерді қосқанда) есебінен қалыптастырылады.
21. "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған, өзіне бекітілген мүлікті, егер басқалары заңнамамен көзделмесе өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілдермен билік етуге құқығы жоқ.