Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10130 болып тіркелген) орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
2. "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Серікжан Ғабдұлғазизұлы Көшімбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Теміртау қаласының әкімі | Н. Сұлтанов |
| Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 13/1 қаулысымен бекітілген |
Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
7. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия төрағасы болып мемлекеттік органның басшысы табылады.
Комиссия хатшысы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі бөлімі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
2. Бағалау жүргізуге дайындық
11. Персоналды басқару қызметі бөлімі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.Персоналды басқару қызметі бөлімі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
3. Тікелей басшының бағалауы
12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын персоналды басқару қызметі бөлімінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметі бөліміне қайтарады.Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметі бөлімінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
4. Айналмалы бағалау
13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бөлімі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметі бөліміне жіберіледі.
16. Персоналды басқару қызметі бөлімі осы Әдістеменің 13-тармағындакөрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.
5. Қызметшінің қорытынды бағасы
18. Персоналды басқару қызметі бөлімі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:a = b + c,
a – қызметшінің қорытынды бағасы;
b – тікелей басшының бағасы;
c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";
21-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық";
33 балдан жоғары – "тиімді".
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
20. Персоналды басқару қызметі бөлімі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.Персоналды басқару қызметі бөлімі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
22. Персоналды басқару қызметі бөлімі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметі бөлімінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметі бөлімінде сақталады.
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
| Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 1-қосымша |
Тікелей басшысының бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):__________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:
__________________________________________________________________
Таныстым: Тікелей басшы
Қызметші Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
_______________________ __________________________
күні____________________ күні ______________________
қолы___________________ қолы _____________________
| Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша |
Айналмалы бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):_________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:
_________________________________________________________________
| Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша |
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________
(мемлекеттік орган атауы)№ р/н | Қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Тікелей басшының бағасы | Айналмалы баға | Қорытынды баға |
1. | | | | |
… | | | | |
Комиссия қорытындысы:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы:________________________ Күні: ________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы:________________________ Күні: ________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі: _________________________ Күні: ________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)