Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі 32 сессиясының № 32/6 " Жер салығының ставкаларын төмендету немесе жоғарылату туралы және салық салу мақсаты үшін Теміртау қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 20 шілдедегі № 41/4 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 тамызда № 3363 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 27/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 27/6 шешімімен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Теміртау қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі 32 сессиясының № 32/6 "Жер салығының ставкаларын төмендету немесе жоғарылату туралы және салық салу мақсаты үшін Теміртау қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2799 нөмірімен тіркелген, "Вести Темиртау" газетінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 37 жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 23 қазанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      1) 1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 379, 381, 383 - баптарында белгіленген, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының төмендету немесе жоғарылату ставкаларымен Теміртау қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасы қосымшаға сәйкес бекітілсін."
      Осы шешімнің орындалуын бақылау Теміртау қалалық мәслихатының бюджет, өндіріс, экология және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
мәслихат хатшысы
В.Свиридов

      КЕЛІСІЛДІ

      Теміртау қаласының әкімі
______________ Н. Сұлтанов

      20 шілдедегі 2015 жылғы
      КЕЛІСІЛДІ

      Теміртау қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
_____________ А. Нұрпейісов

      20 шілдедегі 2015 жылғы
      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының жер
қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________ Ә. Әбекенова

      20 шілдедегі 2015 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады