Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 20.08.2018 № 28/7 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 444-бабы негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге көтерілсін.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Дроздецкий |
Мәслихат хатшысы | В. Свиридов |
КЕЛІСІЛДІ
Теміртау қаласының әкімі
__________ Ғ. Әшімов
"19" қазан 2015 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Теміртау қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
басшысы
___________ А. Нүрпейісов
" 19 " қазан 2015 жыл
КЕЛІСІЛДІ
"Теміртау қаласының жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________ Ә. Әбекенова
" 19 " қазан 2015 жыл