"Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 30/10 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 3411 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы N 18/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 12.05.2016 N 18/02 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығын басшылыққа ала отырып және Балқаш қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 26/02 "Мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы" қаулысын орындау мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 07/03 "Балқаш қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 3062, 2015 жылғы 01 сәуірдегі № 34 (12284) "Балқаш өңірі", № 34 (1355) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айдын Боранбайұлы Қапашевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Балқаш қаласының әкімі
А. Аглиулин

      

 
Балқаш қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 06 тамыздағы № 30/10
қаулысымен бекітілген

"Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауылшаруашылық дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі, 5 үй, пошталық индексі: 100300.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозйяства города Балхаш".
      10. Осы Ереже "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ауыл аймақтарын және агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу саласы бойынша бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық саласында стратегиялық жоспарларды іске асыру болып табылады.
      14. Міндеттері:
      1) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларын дамытудың басымдылық аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруға қатысу;
      2) қала аумағында кәсіпкерлік қызмет пен ауыл шаруашылықты дамыту үшін жағдайлар жасау;
      3) қолданымдағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және қала тұрғындары қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің өткізуіне жәрдемдесу;
      4) қала аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
      15. Функциялары:
      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын iске асыру;
      2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      3) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
      4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
      5) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
      6) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
      7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      8) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
      9) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;
      10) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру;
      11) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      12) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
      13) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      14) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
      15) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
      16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртiппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргiзудi, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;
      17) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына беру;
      18) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және есептілік ұсыну;
      19) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) әкімге немесе қала әкімдігіне кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері бойынша ұсыныс жасауға;
      2) өз құзыреті денгейінде мемлекеттік органдарға қала әкімі орынбасарының келісімі бойынша ақпараттық-аналитикалық ақпараттар дайындауға және ұсынуға;
      3) қалалық атқарушы билік органдарынан, басқару органдарынан, кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қажетті материалдарды белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;
      4) әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлар бағасына мониторинг жүргізуге;
      5) өзінің құзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын даярлауға;
      6) қала әкімі мен әкім орынбасарларының қатысуымен өтетін қала әкімдігі отырысына, жиналыстарға тиісті мәселелер бойынша қатысуға;
      7) бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша қала әкіміне шешімдер, өкімдер мен ұсыныстар жобаларын ұсынуға, белгіленген тәртіпте жиналыс ұйымдастыру;
      8) қала бөлімдері мен мекеме мамандарын жобаны өңдеуге, баяндама, ақпарат әзірлеуге қатыстыруға;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге;
      10) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласы бойынша экономикалық жағдайды талдау;
      11) қала мекемелерімен кәсіпорындарының негізгі капиталға салған инвестициясын талдау;
      12) кәсіпкерлік және ауылшаруашылық жағдайы бойынша ақпараттар, баяндамалар жасау;
      13) инновациялық жобаларды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      14) кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру саясатына қатысу;
      15) жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес субьектілеріне ақпараттық, тәжірибелік көмек көрсету;
      16) бөлім құзыретіне кіретін барлық сұрақтар бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдармен, басқа ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимылын үйлестіру;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Балқаш қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерiн таныстырады;
      2) "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауға жеке жауап береді;
      3) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
      4) қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тағайындау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, марапаттау мәселелерін шешеді;
      5) бөлім қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
      6) бюджеттік қаражаттардың нысаналы қолданылуына бақылауды жүзеге асырады;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды ұйымдастырады;
      8) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкiлеттiгiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      22. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады