"Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 30 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 cәуірде № 3101 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 56 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 13.06.2018 № 56 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығын басшылыққа ала отырып, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары М. Джанабергеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.


Қаражал қаласының әкімі

Қ. Шорманбаев



  Қаражал қаласы әкімдігінің
  2015 жылғы 12 наурыздағы
  № 30 қаулысымен бекітілген

"Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Қаражал қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады

      3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100700, Қазақстан Республикасы, Карағанды облысы, Қаражал к қаласы, Сайдалы Сары Тоқа көшесі, 1 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде - "Қаражал к қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства города Каражал".

      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы: Қаражал қаласының аумағында жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу.

      14. Міндеттері:

      1) жерлерді қорғау және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында қала аумағындағы жер қатынастарын реттеу;

      2) ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қатынастарды реттеу;

      3) жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында заңдылықты сақтау;

      4) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру;

      5) көрсетілетін мемлекеттік қызметке мониторинг жүргізу, сапасын бағалау және нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.

      15. Функциялары:

      1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      4) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      7) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

      8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      9) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламалары, жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      10) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      11) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

      12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын қалалық маңызы бар бағдарлама, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

      13) Қаражал қаласының жер балансын жасау;

      14) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

      16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      17) Қазақстан Республикасының Жер Кодекстінің 71-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

      18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      19) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;

      20) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      21) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;

      22) қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің ережелерін қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

      23) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      24) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

      25) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;

      26) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;

      27) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

      28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;

      29) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау ұйымдастыру;

      30) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;

      31) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз функцияларын орындау үшін белгіленген тәртіпке сәйкес жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден, кәсіпорындардан және басқа да ұйымдар мен азаматтардан, олардың лаузымызды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, мәліметтер және құжаттарды сұратып алуға, сәйкестік ұсыныстарды дайындау үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

      2) мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға Бөлімнің құзырына жататын тапсырыстар беруге, олардың орындалуын қадағалауға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдармен өткізетін іс-шараларға қатысуға;

      3) Қаражал қаласы әкімдігінің жер туралы заңдарға қайшы келетін шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізуге;

      4) заң актілерімен қаралған негіздемелер бойынша жер телімдеріне меншік құқығы мен жерді пайдалану құқығын тоқтату туралы мәселе қарауға Қаражал қаласы әкімдігіне ұсыныстар жасауға;

      5) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

      6) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына және регламенттеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      7) заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы Бөлімнің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аударуды қамтамасыз ету;

      8) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету;

      9) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;

      10) заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну;

      11) мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Бөлімге ортақ басшылық және қызметті үйлестіру;

      2) заңға сәйкес бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      3) Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жазалау және көтермелеу жағдайын қолданады;

      4) өз қызметінің шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Бөлім атынан шығады;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

      7) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Бөлімге бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады