Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 300 "2015 - 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 10 тамыздағы № 361 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 тамызда № 3380 болып тіркелді. Қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 300 "2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2910 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы 2 (2140) нөмірінде және 2015 жылғы 23 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. 2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 10 909 336 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер бойынша – 2 082 017 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер бойынша – 13 460 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 10 495 мың теңге;

      трансферттер түсімдері бойынша – 8 803 364 мың теңге;

      2) шығындар – 10 853 946 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 2 118 314 мың теңге;

      бюджеттік кредиттер – 2 118 314 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 56 385 мың теңге, оның ішінде:

      қаржы активтерін сатып алу – 56 385 мың теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 2 119 309 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 2 119 309 мың теңге, оның ішінде:

      қарыздар түсімдері – 2 118 314 мың теңге;

      қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

      бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 995 мың теңге.";

      3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3. 2015 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығыстарының құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін:

      1) республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 927 141 мың теңге сомасында;

      2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 6 184 466 мың теңге сомасында;

      3) облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 98 776 мың теңге сомасында.";

      көрсетілген шешімге 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімге 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,


қалалық мәслихат хатшысы

Т. Хмилярчук


Сәтбаев қалалық мәслихатының
2015 жылғы 10 тамыздағы
42 сессиясының № 361 шешіміне
1 қосымша


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады