Шахтинск қаласында 2016 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімідігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 44/2 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 желтоқсанда № 3546 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы N 18/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 25.05.2016 N 18/01 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi белгіленсін.
      2. "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К.К. Тлеубергеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
С. Аймаков

      

 
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 44/2 қаулысына
қосымша

Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi


Санаттың атауы
1.
Елу жастан асқан тұлғалар
2.
Көп уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (бір жыл және одан көп)
3.
Бастауыш, орташа кәсіби білім берудің түлектері
(оқу орнын бітіру күнінен 12 ай ішінде)
4.
29 жасқа дейінгі жастар

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады