Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 07/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 наурызда № 3018 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 23/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 07.06.2019 № 23/01 қаулысымен (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттарға сайлаушыларымен кездесуі үшін 1 қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.

      3. Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы "Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайды беру және Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына, мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" № 4/14 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 8-9-101 болып тіркелген, 2011 жылғы 26 ақпандағы № 8 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Клара Бапарқызы Кабдуәлиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Абай ауданының әкімі

С. Шайдаров



  Абай ауданы әкімдігінің
  2015 жылғы 24 ақпандағы № 07/01
  қаулысына 1 қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттарға сайлаушыларымен кездесу үшін үй-жайлар


Елді мекен атауы


Үй-жайлар


1


Сәрепті ауылы


Ауылдық клуб


2


Есенгелді ауылдық округі


Ауылдық клуб


3


Самарка ауылдық округі


Ауылдық клуб


4


Ақбастау ауылдық округі


Ауылдық клуб


5


Құрма ауылдық округі


Құрма орта мектебінің сынып бөлмесі


6


Южный кенті


Мәдениет үйінің шағын залы


7


Құлаайғыр ауылдық округі


Ауылдық мәдениет үйінің көрермендер залы


8


Юбилейный ауылы


"Мерей" мектеп бала-бақша кешенінің актілік залы


9


Көксу ауылдық округі


Ауылдық мәдениет үйінің көрермендер залы


10


Мичурин ауылдық округі


Ауылдық клуб


11


Қарағанды ауылдық округі


Ауылдық мәдениет үйінің көрермендер залы


12


Қарабас кенті


Мәдениет үйінің көрермендер залы


13


Топар кенті


"Энергетик" мәдениет үйі


14


Абай қаласының Вольный бөлімшесі


№ 4 орта мектебінің сынып бөлмесі


15


Абай қаласының Қызыл бөлімшесі


№ 8 негізгі мектебінің сынып бөлмесі


16


Абай қаласының Қараған бөлімшесі


Қараған орта мектебінің сынып бөлмесі


17


Абай қаласы


Музыка мектебінің актілік залы




  Абай ауданы әкімдігінің
  2015 жылғы 24 ақпандағы № 07/01
  қаулысына 2 қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі


Елді мекен атауы


Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар


1


Сәрепті ауылы


Трудовая көшесі, ауылдық дәрігерлік амблаторияның жанында


2


Есенгелді ауылдық округі


Центральная көшесі 20, "Мечта" дүкенінің жанында


3


Самарка ауылдық округі


Центральная көшесі, "Алина" дүкенінің жанында, Изумрудный ауылында, Изумрудный бастауыш мектебінің жанында


4


Ақбастау ауылдық округі


Центральная көшесі 1 үй, ауылдық мәдениет үйінің жанында


5


Құрма ауылдық округі


Қазақстанның 50 жылдығы және Спасск көшелерінің қиылысында


6


Южный кенті


Панфилов көшесі, "Айнур" дүкенінің жанында


7


Құлаайғыр ауылдық округі


Школьный көшесі 1а үй, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жанында


8


Юбилейный ауылы


Мичурина көшесі 12 үй, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жанында


9


Көксу ауылдық округі


Центральная көшесі 19 үй, фельдшерлік-акушерлік пункті жанында


10


Мичурин ауылдық округі


Центральная көшесі 3, "Катюша" дүкенінің жанында


11


Қарағанды ауылдық округі


Комарова орталық көшесі, "Тумба" сауда алаңында


12


Қарабас кенті


Киров көшесі 16 үй, Қазпошта бөлімінің жанында


13


Топар кенті


Пономарев көшесі 13 үй, Қазпошта бөлімінің жанында, орталық аудандық аурухана әкімшілігінің корпусы жанында


14


Абай қаласының Вольный бөлімшесі


Труд көшесі 34 үй, "Шурик" дүкенінің жанында


15


Абай қаласының Қызыл бөлімшесі


Молин көшесі, 37 үйдің жанында


16


Абай қаласының Қараған бөлімшесі


Нуринская көшесі 8, "Надежда" дүкенінің жанында


17


Абай қаласы


Жеңіс даңғылы бойынша 1а үй, пошта байланысы аудандық торабының жанында, Гете көшесі бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарманың жанында



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады