Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай аудынының әкімі | С. Шайдаров |
| Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 07/12 қаулысымен бекітілген |
"Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ереже
1. "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіне сәйкес стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және аудандық бюджеттің орындалуын, аудандық бюджеттің орындалуы бойынша бухгалтерлік, бюджеттік есеп және бюджеттік есептілікті жүргізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай қаласы, 100101, Жеңіс даңғылы, 3.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел экономики и финансов Абайского района".
10. Осы Ереже "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды, аймақтың экономикасының тұрақты дамуына мүмкіндік туғызатын ауданның бюджеттік жоспарлау және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен ауданның бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуді қалыптастыру, тікелей және соңғы нәтижелерге жетуге бағытталған бюджетті атқаруды қамтамасыз ету болып табылады.14. Міндеттері:
1) ауданның бюджеттік жоспарлау және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының басымдықтарын қалыптастыру;
2) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде үшжылдық кезеңге арналған аудан бюджетінің жобасын әзірлеу;
3) аудандық бюджеттің орындалуы;
4) бюджеттік есепті жүргізу және аудандық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есептілікті құрастыру;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен жүктелген басқа да міндеттерді атқару.
15. Функциялары:
1) бес жылдық кезеңге арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу және бекіту;
2) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің мониторингі;
3) бес жылға арналған Абай ауданының даму Бағдарламасының мониторингі;
4) ауылдық елді мекендерге тұру және жұмыс істеу үшін келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
5) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мониторингі;
6) үш жылдық кезеңге арналған бюджет түсімдерін болжамдау;
7) аудан бюджетінің жобасын қалыптастыру және нақтылау мәселелері бойынша Абай ауданының әкіміне және (немесе) Абай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына аналитикалық ақпарат, анықтама дайындау;
8) мемлекеттік органның міндетіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
9) аудан бюджетінен қаржыланатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындылар дайындау, қарау және бағалау;
10) жергілікті бюджет есебінен қаржыланатын мемлекеттік органдардың шығындарының талдауларын жүзеге асыру;
11) аудандық бюджеттің орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
12) бюджеттің орындалуы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің қызметін үйлестіреді;
13) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
14) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын құрастырады, бекітеді және жүргізеді;
15) жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттердің тіркелуін және оларды есепке алуды жүзеге асырады;
16) тұрақты және жүйелі жинақтау, бюджеттің орындалу көрсеткіштерін бақылап отыру және талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
17) бюджеттік бағдарлама әкімгерлерімен бекітетін мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алатын түсімдер мен шығыстардың жиынтық жоспарымен келіседі;
18) бюджеттік ақшаны басқарады;
19) аудан бюджетінің қолма-қол ақшаның бақылау шоттарында ақша қозғалысына мониторинг жүргізеді;
20) аудандық бюджеттің орындалуы бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) Абай ауданының әкіміне, әкімдігіне аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды енгізеді;
2) ауданның мемлекеттік органдары, ауылдық және кенттер әкімдіктері өз құзыреті шегінде Абай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша ақпараттық-аналитикалық материалдар дайындайды және ұсынады;
3) өз құзыреті шегінде Абай ауданының әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындайды;
4) өз құзыреті шегінде ауданның мемлекеттік органдарынан, ауылдық және кенттер әкімдіктерінен, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрайды және ала алады;
5) тиісті бюджеттік комиссияның республикалық бюджет туралы заңына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылдаған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұруға құқылы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығын "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары болады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыстарын басқарады және мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға қызметтік жауапты болады;
2) мемлекеттік мекеменің жұмыскерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босата алады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шаралары және тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады.
21. "Абай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Абай ауданының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.23. "Абай ауданының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.