Сәрепті ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының Сәрепті ауылының әкімінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда № 3566 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Сәрепті ауылындағы көшелер келесідей:
      1) Спортивная көшесі Ынтымақ көшесіне;
      2) Советская көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
      3) Школьная көшесі Саялы көшесіне;
      4) Степная көшесі Сарыарқа көшесіне;
      5) Дзержинская көшесі Аққайнар көшесіне;
      6) Асфальтная көшесі Ақжол көшесіне;
      7) Строительная көшесі Бірлік көшесіне;
      8) Клубная көшесі Теректі көшесіне;
      9) Трудовая көшесі Еңбекшілер көшесіне;
      10) Парковая көшесі Бұлақты көшесіне;
      11) Мира көшесі Бейбітшілік көшесіне;
      12) Городская көшесі Орталық көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      А. Алипбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады