Құлаайғыр ауылындағы көшелердің қайта атаулары туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының Құлаайғыр ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда № 3562 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Құлаайғыр ауылындағы көшелер келесідей:
      1) Асфальтная көшесі Атамекен көшесіне;
      2) Крайняя көшесі Ынтымақ көшесіне;
      3) Индивидуальная көшесі Бірлік көшесіне;
      4) Новая көшесі Отандастар көшесіне;
      5) Казахстанская көшесі Қазақстан көшесіне;
      6) Топарская көшесін Топар көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Р. Адымова

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады