"Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 09/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 3140 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 23/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 03.06.2016 № 23/03 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына, Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 01/04 "Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Н.И. Омарханов

      

 
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 09/01 қаулысымен бекітілген

"Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекетті мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100200, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 1 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: агроөнеркәсіп кешені саласының бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық өсуі мен сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге көмектесу мақсатында, агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы ауданның аграрлық саясатын құру мен жүзеге асыру болып табылады.
      15. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) бөлім қызметін ақпараттық, аналитикалық, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету;
      2) агроөнеркәсіп кешені саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
      3) мемлекеттік мекеменің құзыретіне енгізілген өзге де мәселелер бойынша міндеттерді орындау.
      16. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) ауылшаруашылығын дамыту мониторингін жүзеге асыру, ауылшаруашылығында жаңа технологиялар мен тәсілдерді енгізуді ұйымдастыру;
      2) аудан аумағында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасын, ауылшаруашылығын дамытудың орта мерзімді жоспарын әзірлеу және оларды іске асыруды қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес агроөнеркәсіп кешені субъектілерін осы саладағы мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      4) агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен механизмдері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
      5) агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізуді және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
      6) шығымдылық сапасын және өндірілген ауылшаруашылығы дақылдарының сапасын қолдауға, тұқым шаруашылығын қолдауға, жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды арзандатуға облыстық бюджеттен субсидиялаудың барлық бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған функцияларды жүзеге асырады.
      17. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) өз қызметі саласында мақсаттары, басымдықтары және дамыту стратегиясы бойынша аудан әкімдігіне ұсыныс енгізуге;
      2) жергілікті атқару органдарына олардың заңнамаларға қайшы келетін актілерінің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныс енгізуге;
      3) жергілікті атқарушы органдардан және өзге ұйымдардан ауылшаруашылығы мәселелері бойынша белгіленген мерзімге ақпарат сұратуға және алуға;
      4) ауданның атқару органы атынан сотта мемлекет мүддесінде ізденуге;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асырады;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын ауданның әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінін бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауда және функцияларын жүзеге асыруда жеке жауапкершілікте болады;
      2) "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттілік шеңберін және міндеттерін анықтайды;
      3) заңнамаға сәйкес "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындап жұмыстан босатады;
      4) заңнамаға сәйкес "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады;
      5) "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
      6) "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органға және басқа жерлерде таныстырады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқада өкілеттіктерді іске асырады.
      "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады