2016 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешенінің мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы 38 сессиясының № 351 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 3624 болып тіркелді. Қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2016 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешенінің мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы түрінде және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш берген сәтіне, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Әбілдин
      Аудандық мәслихат хатшысы М.Оңғарқұлов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ақтоғай ауданының экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б.Тлеубергенов

      2015 жылғы 22 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады