"Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 04/09 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 ақпанда № 2990 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 15/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 16.04.2015 № 15/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 16 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 327 Жарлығына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы міндетін атқарушысының 2014 жылғы 5 маусымдағы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" № 04-2-4/93 бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін. 
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Айғаным Жолшорқызы Ақпановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі

Н. Кобжанов


Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 04/09 қаулысымен
бекітілген

"Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2014 жылғы 5 маусымдағы № 04-2-4/93 "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленген және "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы);
      3) қызметшінің қорытынды бағасынан тұрады.
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      Аудандық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдар басшыларының қызметіне бағалауды аудан әкімі немесе оның уәкілеттік беруімен оның орынбасарларының бірімен өткізілуі мүмкін. 
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы "тиімді" деген баға алуы, оны лауазымы бойынша көтеруге негіз болып табылады.
      7. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      8. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      9. Қызметшінің қорытынды бағасын аудан әкімі құрған тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді.
      10. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      11. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы болып аудан әкімі аппаратының басшысы табылады.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
 

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      12. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
 

3. Тікелей басшының бағалауы

      13. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
 

4. Айналмалы бағалау

      14. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      15. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
      16. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы персоналды басқару қызметіне оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      17. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орташа есебін жүргізеді.
      18. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.
 

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      19. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
 

      a = b + c
 

      a – қызметшінің қорытынды бағасы;
      b – тікелей басшының бағасы;
      c – осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      20. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";
      22-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық";
      33 балдан жоғары – "тиімді".
 

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      21. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      22. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен бағаны түзетеді. Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      23. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      24. Бағалау нәтижелері қызметшінің қызметтер тізіміне енгізіледі.
      25. Осы Әдістеменің 21-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
 

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      26. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      27. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      28. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
 


"Б" корпусындағы аудандық
бюджеттен қаржыландыратын
мемлекеттік органдардың
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша

      нысан
 

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.: _______________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________
 
 

№ р/н
 

Өлшем
 

Көрсеткіштің мәні (саны)
 

Баға (балл)
 


1.
 

Бастамашылығы
 

2-ден 5-ке дейін
 



2.
 

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
 

2-ден 8-ге дейін
 



3.
 

Әрекеттестікке икемділігі
 

2-ден 5-ке дейін
 



4.
 

Қызметтік этиканы сақтауы
 

2-ден 5-ке дейін
 



БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы):
 




Таныстым:
Қызметші (Т.А.Ә.) _______________
күні ___________________________
қолы ___________________________
 

Тікелей басшы ( Т.А.Ә.)
_______________________________
күні ___________________________
қолы ___________________________
 



"Б" корпусындағы аудандық
бюджеттен қаржыландыратын
мемлекеттік органдардың
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша

      нысан
 

Айналмалы бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.:_______________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________
 


р/н
 

Өлшем
 

Көрсеткіштің мәні
 

Баға (балл)
 

Бағынышты адам
 

1
 

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
 

2-ден 5-ке дейін
 


2
 

Жұмысқа ынталандыру қабілеті
 

2-ден 5-ке дейін
 


3
 

Қызметтік этиканы сақтауы
 

2-ден 5-ке дейін
 



Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 


Әріптесі
 

1
 

Топта жұмыс істей алу қабылеті
 

2-ден 5-ке дейін
 


2
 

Қызметтік этиканы сақтауы
 

2-ден 5-ке дейін
 


3
 

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
 

2-ден 5-ке дейін
 



Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 





"Б" корпусындағы аудандық
бюджеттен қаржыландыратын
мемлекеттік органдардың
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша

      нысан
 

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ______________________________________________________
(мемлекеттік орган атауы)
 


р/р
 

Қызметшінің Т.А.Ә.
 

Тікелей басшының бағасы
 

Айналмалы баға
 

Қорытынды баға
 

1
 





...
 






       Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________________
      (Т.А.Ә., қолы)
      Комиссия төрағасы:_______________________ Күні: ____________________
      (Т.А.Ә., қолы)
      Комиссия мүшесі: ________________________ Күні: ____________________
      (Т.А.Ә., қолы)
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады