"Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 75 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 сәуірде № 3090 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 03.05.2016 № 107 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қоса берілген "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушы Д.Ж. Әзімхановқа жүктелсін.
      Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қарқаралы ауданының әкімі К.М. Максутов

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2015 жылдың 6 наурыздағы
№ 75 қаулысымен
бекітілген

"Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100800, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Ә.Бөкейханов көшесі 40.
      Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Каркаралинского района".
      11. Осы Ереже "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      аграрлық сектордың даму концепцияларын, жобалау тенденцияларын талдауын жүзеге асыру және оның келешегін анықтау және нарықтық қарым-қатынас шарттарында ауданда аграрлы саясатты жүргізу.
      15. Міндеттері:
      1) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау;
      2) мемлекеттiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      3) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны аудандық жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
      3) техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
      5) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;уметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      6) қатынаста әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламалар нәтижесіне жету және орындау, негіздеу, жоспарлау;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз функцияларын орындау мақсатында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұрау және алу;
      2) өз құзырына жататын мәселелерді шешуді қарау жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
      3) шаруа (фермер) қожалықтары және басқа да ауыл шаруашылық құрылымдарына қажетті жағдайда әдістемелік, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық көмек көрсетуге;
      4) мемлекеттік мекеменің міндетіне кіретін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпке сәйкес семинарлар, кеңестер, жиналыстар өткізуге;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен ұсынылған басқа да құқықтарды пайдаланады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар шығарады және мемлекеттік мекеменің мамандарымен орындалуға міндетті нұсқаулар береді, келісім-шарттарды жасайды;
      2) "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдер туралы Ережені бекітеді;
      3) мемлекеттік мекеме қызметшілерін жұмысқа тағайындайды және жұмыстан босатады, олардың міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды;
      4) заңнамаға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда мемлекеттік мекеме атынан шығуға өкілетті;
      5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкіміне бекітілген тәртіпке сай шешімдер мен қаулылар жобасын ұсына алады;
      6) заңмен белгіленген тәртіппен "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      7) құжаттардың орындау барысын ұйымдастырады және бақылауын жүргізеді, олардың сақтығына жауап береді;
      8) сыбайлас жемқорлықтың барлық түріне қарсы әрекет жасау жұмыстарын ұйымдастырады;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалатын әрекетке жеке басы жауапты;
      10) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      23. "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiкті өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады