"Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 55 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 сәуірде № 3091 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 03.05.2016 № 107 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушы Д.Ж. Азимхановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қарқаралы ауданының әкімі
К.М. Максутов

      

 
Қарқаралы ауданының
әкімдігінің
2015 жылғы 03.03.
№ 55 қаулысымен бекітілген

"Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Дене шынықтыру және спорт бөлімі) аудандағы дене шынықтыру және спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Дене шынықтыру және спорт бөлімі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай–ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Дене шынықтыру және спорт бөлімі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. Дене шынықтыру және спорт бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық–құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Дене шынықтыру және спорт бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Т. Әубәкіров көшесі 23.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. Дене шынықтыру және спорт бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен дене шынықтыру және спорт бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Дене шынықтыру және спорт бөлімі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      1) бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
      2) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
      3) тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту;
      4) тағы басқа заңдармен жүктелген міндеттерін орындау.
      15. Функциялары:
      1) дене шынықтыру және спорт саласындағы аналитикалық және әдістемелік жұмыс;
      2) спорт түрлері бойынша қалалық және аудандық спорттық жарыстарын дайындау және өткізу;
      3) мемлекеттік мекемеге жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін лауазымды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен өзара қарым – қатынасты жүзеге асыру;
      4) қорғаныс істері, білім бөлімдерімен және жастар қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп, жастардың бойында әскери – патриоттық сезімді тәрбиелеу;
      5) мемлекеттік мекеменің қызмет жоспарын әзірлеу;
      6) Қарқаралы ауданы әкімінің тапсырмаларын ұйымдастыру және орындау.
      16. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) Мемлекеттік мекеменің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен келісім бойынша бекітілген тәртіпте қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдар басшыларының келісімі бойынша, мамандарды жұмысқа тарту;
      3) өз құзыреттілігі шегінде келісімдерді, шарттарды жасату;
      4) дене шынықтыру және спортты ұйымдастыру мәселелері бойынша ауданның мемлекеттік мекемелердің қызметін үйлестіру;
      5) қалалық және аудандық спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу дайындығына қатысу.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      17. Дене шынықтыру және спорт бөліміне басшылықты Дене шынықтыру және спорт бөліміне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      18. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысын Қарқаралы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Дене шынықтыру және спорт бөлімі бірінші басшысының өкiлеттiгi:
      1) бөлім және құрылымдық бөлімдердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      2) қолданыстағы заңдарға сәйкес бөлімнің мамандарын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      3) бөлімнің қызметкерлеріне қолданыстағы заңдарға сәйкес тәртіптік шаралар қолданады;
      4) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
      5) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда бөлімнің мүдделерін білдіреді;
      6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты және тікелей міндетті болады;
      7) қолданыстағы заңдарға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Дене шынықтыру және спорт бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Дене шынықтыру және спорт бөлімі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Дене шынықтыру және спорт бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Дене шынықтыру және спорт бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Дене шынықтыру және спорт бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады