"Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 79 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 3142 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 03.05.2016 № 107 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қоса берілген "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушы Д.Ж. Әзімхановқа жүктелсін.
      Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қарқаралы ауданының әкімі К.М. Максутов

  Қарқаралы ауданының
әкімдігінің
2015 жылғы 12 наурыздағы
№ 79 қаулысымен бекітілген

"Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) ауданның атқарушы органының бірыңғай жүйесіне енеді, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Ә. Бөкейханов көшесі 40.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства Каркаралинского района".
      10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы:
      ауданның жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларының дамуы бойынша функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты жүргізу.
      14. Міндеттері:
      1) жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау, жерге орналастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен іске асыру;
      3) сәулет және қала құрылысы шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру;
      4) реттелген нарықтық экономика жағдайындағы жөндеу-құрылыс өндірісі, жобалау әдістемелеріне және әртүрлі прогрессивті нысандарға ықпал ету;
      5) аудан аумағындағы елді-мекендерде объектілердің бас жоспарлары мен құрылысын қарау және келісу, оларды Қарқаралы ауданы әкіміне бекітуге ұсыну;
      6) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.
      15. Функциялары:
      1) Жер Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру туралы әкімдік қаулыларының жобаларын және ұсыныстар дайындау;
      2) иесіз жер учаскелерін есепке қою;
      3) Жер Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін алу, оның ішінде сатып алу жолымен алу туралы ұсыныстар енгізу;
      4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      5) мемлекет жеке меншікке сататын немесе жер пайдалануға беретін нақты жер учаскелерінің бағалау құнын бекіту;
      6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      7) басқа да табиғатты қорғау іс-шаралары кешенінде жер ресурстарын қорғау, топырақ құнарлылығын арттыру, жерлерді тиімді пайдалану бойынша аудандық бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
      8) аудан аумағындағы елді мекендердің жер шаруашылық орналастыру жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау;
      9) ауыл шаруашылық алқаптарын бір түрден екіншіге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      10) жер учаскелерін немесе мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмейтін жер учаскелерінің құқығын сату жөнінде саудалар (конкурстар, аукциондар) ұйымдастыру және өткізу туралы ұсыныстар енгізу;
      11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу;
      12) ауданның жер балансын жасау;
      13) жер учаскелері иелерінің және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастары субъектілерінің есебін жүргізу;
      14) аудан аумағында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру;
      15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне паспорттар беру;
      16) жер учаскелерін жалға алу және сатып алу-сату шарттарын жасау;
      17) зерттеу жұмыстарына арналған жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы ұсыныстар дайындау;
      18) елді-мекендерді көгалдандыру, абаттандыру, қала дизайнын, курделі жөндеу, қалпына келтіру, реконструкциялау, құрылыс ережелері және басқа да құрылыс мәселерін реттейтін құжаттарды әзірлеу;
      19) аудан әкімінің шешімдеріне сәйкес, барлық құрылыс түрлері үшін бекітілген жобалық құжаттар негізінде жер учаскелерін бөлу;
      20) өндірістік-азаматтық бағыттағы және басқа да объектілерді жөндеу, күрделі құрылыс барысына бақылау;
      21) құрылыс объектілері жұмыстарының орындалуына бақылау;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарт жасасуға және заңнамаға қайшы келмейтін басқа да қызметтерді жүзеге асыруға;
      2) құрылымдық бөлімшелерден, ауылдық округ, қала, кент әкімдері аппараттарынан қажетті ақпараттарды алуға, сондай-ақ оларға орындауға міндетті тапсырмаларды жолдауға;
      3) барлық меншік түріндегі кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан өзінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды алуға және сұратуға;
      4) ақпараттық деректер барлық түрлерін, оның ішінде ауылдық округ, қала, кент, аудан әкімдері аппараттарының иелігінде бар құпиялықтарды пайдалануға;
      5) аудан әкімінің тапсырмасы бойынша проблемалық мәселелерді зерделеуге және шешуге, аудан әкімдігі отырыстарында қаралатын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар, ауылдық округ, қала, кент әкімдері аппараттары құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерін тарту;
      6) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамаға сәйкес қабылдау және тіркеу жұмыстары бойынша ұйымдастыру;
      7) салынып жатқан (салынатын), салынған объектілердің және кешендердің Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте мониторингін жүргізу;
      8) аумақтағы жобалаған салынулар не басқа да қала құрылысының өзгерістері туралы халықты ақпараттандыру;
      9) бөлім жүргізуге қатысты мәселелер бойынша ұйымдармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
      10) заңнамамен, осы Ережемен және өкілетті органмен жүктелген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімдегі басшылықты бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Бөлімінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) бөлімнің қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;
      4) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда бөлім мүддесін білдіреді;
      6) сенімхаттар береді;
      7) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тікелей міндетті және дербес жауапты болады;
      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктері қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады