Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне ер азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 03 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 қаңтарда № 3593 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2012 жылдың 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2016 жылдың қаңтар – наурыз айларында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары С. Әлиұлына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі К.М. Максутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады