Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы " Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 " Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы", 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 " Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Жарлықтарына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Нұра ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 15/03 "Мемлекеттік мекемелердің Ережелерін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімі аппаратының басшысы Салтанат Аққошқарқызы Мұқановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Бексұлтанов |
| Нұра ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 04/02 қаулысымен бекітілген |
"Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі Нұра ауданының аумағында білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100900, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кенті, Тәуелсіздік көшесі, 41 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде - "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел образования Нуринского района".
11. Осы Ереже "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қәсіпкерлік субьектілерімен "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, және құқықтары мен міндеттері
14. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.15. Міндеттері:
1) мемлекеттік білім беру мекемелері мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіру және басқару жолымен аудан аумағында мемлекеттік білім беру саясатын жүргізу;
2) тұлғаның интеллектуалдық потенциалын дамыту, оны мемлекеттік стандарттарының деңгейіне сәйкес келетін толық, жоғары сапалы білімімен қамтамасыз ету;
3) белсенді азаматтық ұстанымы және отаншылдықтың жетілген сезімі бар тұлғаны тәрбиелеу, Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
4) ғылыми жетістектерін, білім беру басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесі мен жаңа технологияны ендіру, білім ұйымдарының білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, қызметкерлердің білімдері мен тәжірибелерін ең жақсы қолдануына арналған жағдайларын жасау;
5) білім жүйесіндегі қызметкерлердің заңнамада көзделген әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету;
6) материалдық–техникалық базаны дамыту және нығайту;
7) мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
4) арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша енгізеді;
5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
6) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
7) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiтедi;
8) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
9) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
10) аудан (қала) ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
11) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
12) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
13) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
15) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
16) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
17) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныты дайындайды;
18) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
19) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
20) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
21) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
22) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
23) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
24) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдарының, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
4) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінін бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерiн бiлдiредi;
2) "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына жеке жауап береді;
3) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
4) қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тағайындау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, марапаттау, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
5) бөлімнің қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
6) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.