Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы 26 сессиясының № 262 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 маусымдағы 44 сессиясының № 473 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 шілдеде № 3315 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы № 12/110 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 31.10.2023 № 12/110 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары Б.М. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 262 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2523 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 5 (7385) "Сельский труженик" газетінде, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 6 ақпанында жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларың 10-тармағының төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "ең төменгі күнкөріс деңгейіне 0,6 еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Б. Жетписбаев

Аудан мәслихатының хатшысы

К. Саккулаков


      КЕЛІСІЛДІ:

Осакаров ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

басшысы

А. Тулеуова



      24.06.2015

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады