Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса берілген "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Уткельбаев Ерлан Сериковичке жүктелсін.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Х. Омаров |
Ұлытау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 12/03 қаулысымен бекітілген |
"Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардын тарапы болуға құқығы бар.
6. "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай көшесі, 2 үй, индекс 101500.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде - "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта Улытауского района".
10. Осы Ереже "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
12. "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқару мен салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету.14. Міндеттері:
аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;
бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан аудан құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық және республикалық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Елбасының – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тестілерінің орындалу жұмысын бақылау және ұйымдастыру.
спорт инфрақұрылымын дамыту қызметін үйлестіру.
15. Функциялары:
ауданның дене шынықтыру және спортты дамыту жоспарын әзірлейді және іске асырады;
Ұлытау ауданы аумағын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасайды;
аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;
аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;
мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;
спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;
аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;
аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша ауданның құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекiтедi;
ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;
аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
дене шынықтыру және спорт насихаттауын жүргізеді, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен белсенді ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін тәжірибелік пайдалануда халықтың білім деңгейін арттырады;
аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен әзірленген аудандық спорттық жарыстардың ережелерiн (регламенттерiн) бекiтедi;
мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына баруға жағдай жасауды, арнайы спорттық мүкәммалын берудi қамтамасыз етедi;
мекеме құзыретінің шегінде әкім және аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді;
құзыреті шегінде мәселелерді қарау кезінде барлық мекемелерде мемлекет мүдделеріне өкілдік етеді;
жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын, бұқаралық спорт, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту мәселелерін реттейтін бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалық-әдістемелік құжаттардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
конференциялар, семинарлар, тағы басқа оқыту нысандарын және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру мамандарымен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша мәліметтерді талдау және жоғары тұрған органдарға ұсыну;
заңнамамен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді орындау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
мекеме қызметін ұйымдастырады және басқарады;
тікелей аудан әкіміне бағынады және мекемеге жүктелген функцияларды орындауға жауапты;
бірыңғай принциптерде әрекет жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ережемен белгіленген оның құзыретіне сәйкес мекеме қызметімәселелерін өз еркімен шешеді;
өз құзіреті шегінде мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
өз құзіреті шегінде барлық қызметкерлерге міндетті бұйрық шығарады және нұсқаулар береді;
мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза береді;
мекеме қызметкерлерінің өкілеттіліктерін анықтайды;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін атқарушы органдардан белгіленген тәртіпте қажетті материалдарды сұратады және алады;
мүдделі ұйымдары өкілдерін тартумен мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жиналыс шақырады;
мекеме атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;
барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіреді;
шарттар жасасады;
сенімхаттар береді;
мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, республикалық және шет елдік оқу орталықтарына және біліктілікті көтерудің басқа да түрлері бойынша қызметкерлерді оқытудың және біліктіліктерін арттырудың тәртібі мен жоспарын бекітеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Ережеде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
"Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктері қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.