Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 03 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 сәуірде № 3175 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Сарысу ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесі жұмыс істеуінің төтенше жағдай режимі енгізілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары А.Б. Мырзабековке жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Х. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады