Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 32/283 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 қазанда № 3421 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы № 21/181 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 05.05.2018 № 21/181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 18.02.2016 № 38/325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 18.02.2016 № 38/325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының ставкасы 10 (он) есе жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге біріңғай жер салығының ставкасы 10 (он) есе жоғарылатылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Жүніске және аудандық мәслихаттың құрлыс, автокөлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Сессия төрағасы

Н. Жанасбаев

Аудандық Мәслихаттың


хатшысы

Ә. Смағұлұлы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады