Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 17 қыркүйектегі ХХХІІ сессиясының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының ставкасын және бірыңғай жер салығының ставкасын жоғарылату туралы" № 32/283 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 38/325 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 наурызда № 3705 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 17 қыркүйектегі ХХХІІ сессиясының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының ставкасын және бірыңғай жер салығының ставкасын жоғарылату туралы" № 32/283 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3421 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 қазандағы "Шет Шұғыласы" № 41 (10 557) газетінде, "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 23 қазанында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
       "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:";
      көрсетілген шешімнің атауы мынандай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы К. Қошқарбаева
      Аудандық мәслихаттың
      Хатшысы Ә. Смағұлұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады