"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Облыстық, аудандық және Қызылорда қаласының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
Қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.
"Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімінің | |
2015 жылғы "16" ақпандағы № 38 шешіміне қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
№ р/р | Атауы |
1. | Тауарлар: |
1) | серверлерді сатып алу (оларды сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген жиырма мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспаған жағдайда) |
2. | Жұмыстар: |
1) | денсаулық сақтау нысандарының жаңа құрылысы |
3. | Көрсетілетін қызметтер: |
1) | мүгедектердің санаторлық-курорттық емделуі |
Ескертпе:
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысымен орындалатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу:
1) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолданбай;
2) ерекше тәртіп қолданыла отырып жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуларға қолданылмайды.