Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 08 сәуірдегі № 911 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 мамырда № 4973 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 51 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.08.2019 № 51 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі К. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "8" сәуір №911
қаулысымен бекітілген

Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексіне және "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10030 нөмірімен тіркелген) сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ, құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары жатады.

2.Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу тәртібі

      3. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.
      4. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
      5. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.
      6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
      1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;
      2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.
      7. Облыстың қала және аудан орталықтарының тұрғындары тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелері:
      халқының саны 300 мың адамға дейінгі қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын;
      халқының саны 300 - 500 мың адам болатын қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 1%-ын;
      халқының саны 500 мың адамнан асатын қалаларда - 0,5%-ын (соның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам) қамти отырып таңдалады.
      8. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортарын жасайды.
      9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен масса өлшеу жабдығы пайдаланылады.
      10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.
      11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.
      12. Егер бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос техниканы автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.
      13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.
      14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтарды түзудің және жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомосіне енгізіледі.
      15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, көлем) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізіледі.
      16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиіс.
      17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.
      Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.
      18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күнінен кейінгі келесі күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      19. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

  Қызылорда облысында
коммуналдық қалдықтардың түзілуі
мен жинақталу нормаларын есептеу
қағидаларына 1-қосымша

Тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік


Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын


Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын


Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын


Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын


Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер


Емханалар

1 қатынау


Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын


Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы


Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отырма орын


Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отырма орын


Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2


Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын


Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2


Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1 м2


Машиналардан сату

Сауда орны 1 м2


Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2


Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2


Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2


Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базарлары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2


Тұрмыстық қызмет көрсету үйлері: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2


Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2


Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2


Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2


Автотұрақтар, автомобиль жуу орындары, автожанармай құю станциясы, гараждар

1 машина-орын


Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы


Гараж кооперативтері

1 гаражға


Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны


Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2


Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2


Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны


Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2


Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы


Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

  Қызылорда облысында
коммуналдық қалдықтардың түзілуі
мен жинақталу нормаларын есептеу
қағидаларына 2-қосымша
Нысан

Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты

      Қала, аудан орталығы, елді мекен___________________________________
      1. Мекенжайы ___________________________________________________
      2. Қабаттылығы __________________________________________________
      3. Үйдің нөмірі __________________________________________________
      4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам ____________________________
      5. Жайлылық деңгейі:
      а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы ____________________________
      б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) ___________________
      в) отынның түрі - көмір (тас, қоңыр), ағаш отын, газ
      ________________________________________________________________
      г) қоқыс құбырының болуы ________________________________________
      д) аула аумағының алаңы, м2 _______________________________________
      оның ішінде
      жасыл екпелері бар _______________________________________________
      жабыны қатты ___________________________________________________
      оның ішінде жаяусоқпақтар _______________________________________
      6. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы
      ________________________________________________________________
      7. Қоқысты шығару кезеңділігі _____________________________________
      8. Қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша)
      ________________________________________________________________
      Қолдары:
      Т.А.Ә., лауазымы

  Нысан

Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты

      Қала, аудан орталығы, елді мекен _______________________________
      1. Объектінің атауы ___________________________________________
      2. Мекенжайы ________________________________________________
      3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет)
      _____________________________________________________________
      4. Орын саны (қызметкерлер және тағы басқалар) ___________________
      5. Тәулігіне өткізу қабілеті:
      ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) _____________________
      қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) ______________
      6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам ____________________
      7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 _________________________________
      оның ішінде:
      сауда алаңы ___________________________________________________
      қоймалық және қосалқы алаң ____________________________________
      8. Аула аумағының алаңы, м2 ___________________________________
      оның ішінде:
      жасыл екпелері бар______________________________________________
      жабыны қатты __________________________________________________
      9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы ________
      10. Қалдықтарды шығару кезеңділігі ______________________________
      11. Тамақ қалдықтарын және қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме? (қандай және қанша) _____________________________________
      Қолдары:
      Т.А.Ә., лауазымы

  Қызылорда облысында
коммуналдық қалдықтардың
түзілуі мен жинақталу нормаларын
есептеу қағидаларына 3-қосымша
Нысан

Бастапқы жазба бланкісі

      _________________
      (күні)
      _______________________________________________ объектісі бойынша
      (атауы, мекенжайы)

Контейнер-дің
р/с №

Жинал-ған қалдықтар қабатының биіктігі, h, м

Контей-нер негізінің алаңы,
S, м2

Контей-нер
дегі қалдық-тардың көлемі, h*S, м3

Қалдықтар тиелген контейнер-дің массасы (қоқыс тасығыш), mз, кг

Бос контей-нер
дің массасы (қоқыс тасығыш), mп, кг

Контейнер-
дегі қалдықтар-дың массасы, mз - mп

1







2







...







Тәулік ішіндегі жиыны



Vтәу



Mтәу

  Қызылорда облысында
коммуналдық қалдықтардың
түзілуі мен жинақталу нормаларын
есептеу қағидаларына 4-қосымша
Нысан

Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі

      20__ жылғы " ___" _____________ бастап "___" ____________ дейін
      Жайлылық типі _________________________________________

Аптаның күндері

Объектінің атауы

Объекті-нің қызмет түрі

Есептік бірліктің саны

Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/массасы

Орташа тығыздығы, кг/м3

Барлығы қайталама шикізат іріктеп алынды (бөлек жинаған кезде)

жалпы

1 есептік бірлікке

кг

м3

кг

м3

кг

м3

Дүйсенбі











Сейсенбі











Сәрсенбі











Бейсенбі











Жұма











Сенбі











Жексенбі











Барлығы











Тәулігіне орташа











      Қолдары
      Т.А.Ә., лауазымы

  Қызылорда облысында
коммуналдық қалдықтардың
түзілуі мен жинақталу нормаларын
есептеу қағидаларына 5-қосымша
Нысан

Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі

      Жайлылық типі _________________________________________________

Объект

Ай

Өлшенетін бірліктің саны

Қалдықтардың жиналуы

Біртекті емес коэффициент

Бөлек жинау, кг

жалпы

өлшенетін 1 бірлікке

жалпы

өлшенетін 1 бірлікке

м3

кг

м3

кг

м3

кг

м3

кг

м3

кг

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














      Барлығы
      Тәулігіне орташа
      Қолдары
      Т.А.Ә., лауазымы

  Қызылорда облысында
коммуналдық қалдықтардың
түзілуі мен жинақталу нормаларын
есептеу қағидаларына 6-қосымша

Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу

      1. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:
      1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., М3):

      V конт=h*S

      мұндағы h - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;
      S - контейнер түбінің алаңы, м2;
      2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:

      Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3….

      мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;
      3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mконт =m3- mп

      мұндағы mз - қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;
      mп - қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;
      4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mтәу = mконт1+mконт2+mконт3

      мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;
      5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады.
      Өлшеу қызмет көрсету кестесіне сәйкес контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір мезгілінде жеті күн бойы (үзіліссіз) жүргізіледі.
      Өлшеу жүргізу мерзімдері: қыста - желтоқсан/қаңтар; көктемде - сәуір/мамыр; жазда - маусым/шілде; күзде - қыркүйек/қазан.
      Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+….+ Vтәу7

      мұндағы Vтәу1, Vтәу2 - белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемі;
      6) маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mмаус= mтәу1 + mтәу2 +…+ mтәу7

      мұндағы mтәу1, mтәу2 - белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;
      7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау (есептік бірлік) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
      көлемі бойынша (Vтм, м3):

      Vтм = Vмаус / (n × a)

      массасы бойынша (mтм, кг):

      mтм = mмаус / (n × a)

      мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;
      a - есептік бірліктердің саны;
      8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
      көлемі бойынша (Vтом, м3):

      Vтом= (Vқ тм + Vк тм + Vжтм +Vкү тм)/n

      массасы бойынша (mтом, кг):

      mтом= (mқ тм + mк тм + mж тм+ mкү тм)/n

      мұндағы жоғарғы индекстер "қ", "к", "ж", "кү" - қыста - "қ", тиісінше көктемде - "к", жазда - "ж", күзде "кү" - есептік бірлікте қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;
      n - қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).
      9) объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
      көлемі бойынша (Vж, м3)

      Vж = Vтож х nк

      массасы бойынша (mж, кг):

      mж = mтож х nк

      мұндағы nк - жылдағы күннің саны.
      2. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргізіледі:
      1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gор, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      gор =m/V,

      мұндағы m және V - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;
      2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
      көлемі бойынша:

      Kбе = Vом/Vж

      массасы бойынша:

      Kбе = mом/mж

      3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
      көлемі бойынша:

      Kмбе = Vmaxтәу./Vом

      мұндағы Vmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3.
      массасы бойынша:

      kсн = mmaxтәу./mом

      мұндағы mmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.
      3. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі.
      Осылайша алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталу көлемінің бес пайызынан аспауға тиіс.
      Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.
      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      h – биіктік;
      S – көлем;
      кг – килограмм;
      м – метр;
      м2 – шаршы метр;
      м3–текше метр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады