"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 824 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 38 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 маусымда № 5032 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 461 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 19.05.2016 № 461 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 824 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4862 тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 14 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
      16-тармағының 20) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "20) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;";
      17-тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "2) Басқарма:
      заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге;
      жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті".
       "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.
       Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады