"Қызылорда қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 2900 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 ақпанда № 4876 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 04 мамырдағы № 5295 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 04.05.2016 № 5295 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Қоса беріліп отырған "Қызылорда қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
       Қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Н.Ахатовқа жүктелсін.
       Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда
      қаласының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
  2015 жылғы "17" ақпандағы № 2900
  қаулысымен бекітілген

"Қызылорда қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қызылорда қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, №21.
      9. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қызылорда қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметiн каржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (сметасынан) жүзеге асырылады.
      12. Бөлім кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. Бөлімнің жұмыс режимі:
      1) Бөлімнің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағат жұмыс істейді;
      2) Бөлімнің жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-де басталып, сағат 19.00-де аяқталады. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;
      3) Бөлім сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      Егер Бөлім заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Бөлімнің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

       Бөлімнің миссиясы:
      азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыру.
       Бөлімнің мiндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс, қала әкімінің мемлекеттік мекеменің құзырына қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
      2) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
      3) азаматтық хал актілерін тіркеу саласында іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
      5) азаматтық хал актілерін тіркеуде "электрондық үкімет" бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
       Бөлімнің функциялары:
      1) тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін, тегін мемлекеттік тіркеу;
      2) азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтыру, түзету және жою;
      3) жоғалған жазбаларды қалпына келтіру;
      4) бастапқы және қайталама куәлiктерді, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мұрағаттық анықтамалар беру;
      5) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді электронды түрде "Азаматтық хал актілері жазбалары" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу, ықпалдастырылған ақпраттық жүйесінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
      6) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қатаң есептегі елтаңбалы куәліктердің сақталуын, жұмсалуын, есептілігін қамтамасыз ету;
      7) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      8) азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының тиісті жағдайда сақталуын қамтамасыз ету, тізімдеме жүргізу, түптеу, сақаталу мерзіміне қарай, жою, мемлекеттік мұрағатқа өткізу;
      9) мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеудің құпиялылығын қамтамасыз ету;
      10) азаматтардың хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша құқықтық насихат жүргізуді қамтамасыз ету;
      11) азаматтық хал актілерінің толық, дер кезінде тіркеуді қамту мәселесі бойынша ауыл округтерімен өзара іс-қимыл жасау;
      12) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
      13) статистикалық есептердің мерзімінде берілуін қамтамасыз ету;
      14) салтанатты неке қию, тууды тіркеу , ұлттық салт дәстүрлерді насихаттау.
       Бөлімнің құқықтары:
      "Қызылорда қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
      2) қолданыстағы заңнамалық актілерге көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Бөлімнің қызметiн ұйымдастыру

       Бөлім басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
       Бөлімнің бiрiншi басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
       Бөлімнің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
      1) Бөлім қызметінің жұмысын ұйымдастырады және қызметін үйлестіреді;
      2) құзыретінің шегінде Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5) өз құзіреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      6) Бөлім басшысы сыбайлас құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамау үшін дербес жауапты;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
       "Қызылорда қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бірінші басшы басқарады.

4. Бөлімнің мүлкi

       Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
       Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
       Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

       Бөлім қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады