"Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 2855 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 4906 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 5357 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 17.05.2016 № 5357 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары К.Ансатбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "16" ақпандағы №2855
қаулысымен бекітілген

"Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

       1. "Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Бөлім) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қоры саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Бөлімнің мынадай ведомстволары бар:
      1) Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылордажылуэлектрорталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      2) Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      3) "Тұрғын үй Қызылорда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      4) "Қазақстан Республикасының бірінші Президенті атындағы паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      5) "Қызылорда Сыр суы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      6) "Қызылорда тазалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      3. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім - мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі №16.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметiн каржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (сметасынан) жүзеге асырылады.
      13. Бөлім кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. Бөлімнің жұмыс режимі:
      1) Бөлімнің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағат жұмыс істейді;
      2) Бөлімнің жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-де басталып, сағат 19.00-де аяқталады. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;
      3) Бөлім сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      Егер Бөлім заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Бөлімнің негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      15. Бөлімнің миссиясы:
      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      16. Бөлімнің мiндеттерi:
      1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
      2) тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын дамытады;
      3) тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру;
      5) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
      6) тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;
      7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      17. Бөлімнің функциялары:
      1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
      2) қаланың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
      3) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
      4) көркейту, көгалдандыру саласындағы жұмыстар (алаңдар, фонтан, сквер, суарылатын каналдар, көше жарығы жұмыстары) оларды күтіп ұстау және пайдалану;
      5) көшені және сәндік-қызметтік жарықтандыру желілерін күту және жөндеу;
      6) канализациялар, суағарлар желілерін жөндеу;
      7) арықтар мен каналдарды жөндеу, күтіп ұстау;
      8) саябақтарды, скверлерді, гүлзарларды, фонтандарды жөндеу және ұстау;
      9) ескерткіштерді, скульптураларды, сынтастарды жөндеу және ұстау;
      10) қалалық қорымды және жерлеу орындарын күтіп ұстау, туысы жоқтарды жерлеу;
      11) көше бойындағы ағаштарды күтіп ұстау, жаңадан берілген көше аттарын ілу;
      12) қаланы мерекелік шараларға безендіру;
      13) қаланың даңғылдары мен көшелерін күту және көркейту, жүретін жолдарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдарын және қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету;
      14) мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстарды атқаратын мердігерлік ұйымдар жұмыстарын бақылау;
      15) жабын материалдарына қарамастан жол құбырларын, арық желілерін күтіп-ұстау және оларды қайта жарақтандыру;
      16) саябақтар, скверлер, көше желектері, қорғанышты жасыл аймақты күтіп-ұстау, оларды қайта жарақтандыру және кеңейту, көгалдар мен гүлзарларды бөлу, күркелер, қоршаулар, жаяу жүргіншілер жолдары, билбордттар, бордюрлар, аяқ су лотоктары, аялдамалар, аллеялар, ортақ пайдаланылатын жасыл желек алаңдары, пандустар, фонтандардың, бассейндердің тірек қабырғаларын, аялдамаларды күтіп-ұстау, скульптураларды, орындықтарды, гүл құмыраларын, көлеңкелі қалқаларды және басқа шағын саулет үлгілері элементтерін, көшелер мен жасыл алқаптарда қоқыс салатын сауыттарды орнату, бау-бақша-саябақ шаруашылықтарында, гүл шаруашылығы мен питомниктер жерлерінде суару құбырларын, ауыз су фонтандарын және саябақтарды, скверлерді, көшелерді, жолдарды, алаңдарды, жағалауларды көркейту және көгалдандыру, қажетті ғимараттарды, шаруашылықты күтіп-ұстау (тұрғын үйлерден басқа) және алаңнан тыс инженерлік желілерді күтіп-ұстау;
      17) санитарлық тазалау, жылжымалы биодәретханалар алу және орнату;
      18) коммуналдық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін және елді - мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмыстарды атқаратын ұйымдар, автомобиль көлігі үшін механизмдер, құрал-жабдықтар (соның ішінде монтажды қажет ететін), арнайы машиналар мен жабдықтар алу;
      19) қорымдарды кеңейту және сумен жабдықтауды, көгалдандыруды, қорымдарға баратын жолдарды орнатуды қоса отырып көркейту;
      20) осы тізімде көрсетілген обьектілерді жөндеудегі және жарақтандыруға арналған жобалау-сметалық құжаттарды әзірлейді, тиісті қызметтермен бірлесе отырып тұрғын үй қорының, оның инженерлік құрал жабдықтарының, техникалық жағдайын, өз құзыры шегіне қызметтері мемлекеттік мекемеге жүктелген қолданыстағы нормативтік - техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу жөніндегі кешенді шаралардың уақытылы орындалуын бақылау;
      21) жер қазу жұмыстарына - ордер беру;
      22) құраған ағаштар мен бұтақтарды кесу, балақтау, жасыл желектерді көшіріп егу жұмыстарына рұқсат беру;
      23) мемлекеттік мұқтажы үшін жер телімдері мен онын үстіндегі жылжымайтын мүліктерді сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру;
      24) кондоминиум объектісінде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
      25) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына;
      26) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп-ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;
      27) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;
      28) кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етеді;
      29) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асыру;
      30) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
      31) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;
      32) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
      33) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
      34) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және жауап береді.
      18. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылордажылуэлектрорталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны:
      1) электр энергиясын өндіру және көтерме бағамен сату;
      2) жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) жабдықтау;
      3) оттегі өндіру және тарату;
      4) электр станциясын пайдалану және қысыммен жұмыс жасайтын қазандарын, сауыттарын, құбыр жүйелерін жөндеу;
      5) электр қуатын подстанция арқылы тасымалдау;
      6) электр энергиясын бөлшектеме тұтынушыларға қайта сату мақсатында сатып алу;
      7) тұрғын үй өжіре жайларында орналасқан жылу жүйелердің жылу сауыттары мен құбырларды және (магистралдық, тартқыш) құбырларды капиталдық, орта және ағымды жөндеуден өткізу;
      8) электр және жылу энергетика саласындағы технологиялық байланыстармен реттелетін барлық қызмет түрлері;
      9) қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды, түтіктерді және құбырлар мен жылу жүйелерін жасап дайындау, жөндеу және пайдалану;
      10) жылу қуатымен қамтамасыз ететін нысандарды және жылу жүйелерін салу, солардың нобайларын және жобалау-сметалық құжаттарын жасау;
      11) жылу қуатымен қамтамасыз ететін нысандардың, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтардың, түтікшелердің және құбырларды, сонымен бірге жылу жүйелерінің құрылысын, жөндеуін және қайта жаңғыртуын техникалық сүйемелдеу мен техникалық қадағалау.
      19. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны:
      1) тұтынушыларды стандарт талаптарына сәйкес сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
      2) су, кәріз жүйелерін пайдалану, жоба жасау, кеңейту мен жаңғырту, жаңа технологиялар өндіру және әр түрлі жобаларды енгізу жұмыстарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі;
      3) заңды және жеке тұлғалармен қызмет көрсету бағытында келісім-шарттар жасау (су жүйелері және канализация);
      4) шығын сулардың барлық көлемін есепке алу, сараптама жүргізу;
      5) су жүйелеріндегі ақауларды уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізеді;
      6) барлық тұтынушыларға белгілі ауыз су мен кәріз су мөлшерін бекіту, ауыз суды үнемдеп, дұрыс пайдалану жөніндегі іс-шараларды дайындау;
      7) су жүйелерінің, құбырлардың және су қоймаларының, сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстарды және ішкі инженерлік жүйелерді, конструкциялар мен жабдықтарды коррозиядан қорғау жағдайына тексеру жүргізеді, сондай-ақ берілетін судың сапасына есеп жүргізу;
      8) суды пайдаланғаны үшін алымдарды жинау және құбырлардың ағымдағы және күрделі жөндеулерін уақытылы жүргізу;
      9) жаңа құбырлар желілерін жүргізу жөніндегі құрылыс, жер жұмыстары;
      10) көп пәтерлі тұрғын үйлерді, тұрғын үйлерді тұрғын-эксплуатациялық қызмет көрсету және кондоминиум объектілерді басқару.
      20. "Тұрғын үй Қызылорда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
      1) көп пәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстау қызметін жүргізу;
      2) инженерлік коммуникацияларына жөндеу жүргізу;
      3) көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумақтарын санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру қызметтерін жүргізу;
      4) қала аумағында абаттандыру;
      5) қала көшелеріне санитарлық тазалау және көгалдандыру;
      6) қала аумағындағы автотұрақтарға қызмет көрсету жұмыстары.
      21. "Қазақстан Республикасының бірінші Президенті атындағы паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
      1) инжинирингтік қызметтер керсету кезінде парк орынын санитарлық тазалау, су жолдарын жаңадан жүргізу, көгалдандыру, каналдар қазу, тағы басқа да инжиниринг қызмет керсету;
      2) паркті көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жоба шешімдерін сақтай отырып, құрылыс нормаларымен ережелеріне сай техникалық-экономикалық қызмет көрсету;
      3) жоғарғы органдар бекітетін құн-жобалар, паркті құрудың бас жобаларымен, парктің инженерлік және жер шаруашылық қалпын орналастыру, жобаларына қорытынды дайындау, жобалар жұмыстарына тапсырыс беру;
      4) парктің көркейту жұмыстарын, канал, қарықтар қазу жұмыстарынан кейін жол және топырақ қабаттарын уақытында қалпына келтурідегі жұмыстар қызметін көрсету;
      5) құрылыс жобасын дайындау;
      6) механизмдердің қызметі;
      7) құрылыс-монтаждау жұмыстарды жүргізу;
      8) сыртқы инженерлік жүйелерін салу;
      9) ішкі инженерлік жүйелерін орналастыру жұмыстары;
      10) жер талабын нормаға келтіріп тегістеу және плантажный соқамен айдау, дизель агрегатымен тамырларды тазалау;
      11) схемаға сәйкес егілетін ағаштарға арнайы питомник ұйымдастыру;
      12) ішкі, сыртқы жарығына құжаттар дайындау;
      13) коммерциялык-делдалдық қызмет;
      14) сыртқы-экономикалыққызмет;
      15) құрылыс-монтаж жұмыстары.
      22. "Қызылорда Сыр суы" жауапкершілігі серіктестігі:
      1) Қызылорда қаласының елді мекендерге су шаруашылығын және кәріз жүйелерінің қызметін көрсету;
      2) Қызылорда қаласының ауылдық елді мекендерге суды есептеудің жеке аспабын орнату.
      23. "Қызылорда тазалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
      1) коммуналдық меншік болып табылатын айыппұл автотұрақтар қызметін атқаруды ұйымдастыру.
      24. Бөлімнің құқықтары:
      1) Бөлімнің құрылымындағы инженерлік-коммуникация және энергетика, көркейту-көгалдандыру секторларының жұмысын ұйымдастыру;
      2) азаматтардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден Бөлімге жүктелген жұмыстарды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрауға және алуға;
      3) Бөлім функцияларымен талапкер ретінде сотта талап-арыз беруге, наразылық білдіруге;
      4) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен сұратуға және белгіленген мерзімде алуға;
      5) Бөлім заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледі.

3. Бөлімнің қызметiн ұйымдастыру

      25. Бөлім басшылықты Бөлімгежүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      26. Бөлімнің бiрiншi басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      27. Бөлімнің бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      28. Бөлімнің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
      1) Бөлімнің басшысы қызметкерлерінің құқықтық-сыбайлас және құқықтық бұзушылықтарға дербес жауап береді;
      2) өзіне бағынысты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
      3) заңдарда белгіленген тәртіппен Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      4) Бөлімнің актілерге қол қояды;
      5) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес Бөлім барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады;
      6) Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен бөлімшелерге ұсыныстар мен тапсырма береді;
      7) Бөлім қызметкерлерінің біліктілік талаптарын бекітеді;
      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалар қабылдайды;
      10) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      11) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;
      12) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың тұпнұсқасымен танысуға құқығы бар;
      13) тексеруді "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізуге;
      14) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
      15) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
      16) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасауға;
      17) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығаруға міндетті;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      29. Бөлімнің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4. Бөлімнің мүлкi

      30. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      31. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      33. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:
      Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылордажылуэлектрорталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      "Тұрғын үй Қызылорда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      "Қазақстан Республикасының бірінші Президенті атындағы паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      "Қызылорда Сыр суы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      "Қызылор да тазалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады